Түркияның Ыстанбұл университетінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Әл-Фараби» Еуразиялық зерттеу орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жаңадан ашылған орталық ортақ ғылыми-зертеу жобаларын жүзеге асыратын халықаралық алаң болмақ. Бұл орталық – Түркия ғалымдарының ұлы философқа деген жоғары құрметінің белгісі және қазақ халқына достық ықыласы», – дейді ҚазҰУ баспасөз қызметінің өкілі Әйгерім Камалдинова. Еуразиялық «Әл-Фараби» орталығы кәсіби кадр дайындауға, ҚазҰУ ғалымдарының еңбектерін Ыстанбұл университетінің халықаралық баспаларында жариялауға және білім беру, ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға бағытталған. ҚазҰУ профессорлары орталықта қазақ тілі, Қазақстан тарихы мен мәдениетінен сабақ беретін болады.
Айта кетейік, орталықтың ашылу салтанатында Ыстанбұл университетінің басшысы, профессор Махмут Ак ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтановқа Түркияның беделді университетінің «Құрметті профессоры» атағын берді. Ресми кездесу барысында тараптар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Түрік Әлемі Медиа» Орталығын ашу туралы өзара келісімге келді.
• 14 Желтоқсан, 2016
Ыстанбұл университетінде «Әл-Фараби» зерттеу орталығы ашылды

Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 00:05
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Кеше
Жастар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше