14 Желтоқсан, 2016

Апта басынан бері мұнай бағасы тұрақталды

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өндірісті азайту туралы жаһандық келісімнің жүзеге асқанынан кейін мемлекеттердің келер жылға дейін барынша молынан өндіріп қалуға тырысып жатқанына қарамастан, қор нарығындағы қара алтын бағасы тұрақты. Дүйсенбіден бері болмашы ғана құбылғаны болмаса, жалпы осы апта баға 55 доллар маңайында сақталуда. Сарапшылар келер жылы келісім ресми күшіне енгенінен кейін Брент маркасы 60 долларға жуықтайтынын айтады. Жалпы, келер жылы нарықтағы қара алтын өндірісі тәулігіне 1,8 млн баррельге дейін азайятыны белгілі, ал сұраныс керісінше биылғыдан еселеп көбеймек. Өйткені, Қытайдағы кен орындарында қара алтын таусылып, сырттан салып алуға күш салмақ. Сонымен қатар мұнай тұтыну жағынан әлемдегі көшбасшылардың бірі Үндістанның да сұранысы арта түспек.