14 Желтоқсан, 2016

14 желтоқсанға арналған ауа райы

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде  атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты бұрынғыша құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді. Бұл туралы ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетіп, екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Павлодар облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетіп, екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетіп, екпіні 25 м/с-ға дейін  күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетіп күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман болып,  жел 17-22 м/с-ға дейін  күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетіп, күндіз екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі,  жел  15-18 м/с-ға дейін күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ға дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады.