14 Желтоқсан, 2016

Маркаларға мөр басылды

326 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
sequence-still050«Қазпошта» Алматыда өтетін Универсиаданы мәңгілік есте қалдыру мақсатында арнайы пошталық маркалар шығарып отыр. Осыған орай «Алматы Арена» ғимаратында салтанатты түрде маркаларға мөр басылды. Сондай-ақ, «EMS-Kazpost» 2017 жылғы Универсиаданың ресми курьері деп танылды. Маркаға мөр басу салта­на­тын­да Ал­маты қаласын­дағы 2017 жыл­ғы XXVIII Дүние­жүзі­лік қысқы Универсиаданы ұйым­дас­­ты­ру және өткізу дирек­ция­сы­ның же­тек­шісі Наиль Нуров пен «Қаз­пош­та» АҚ «EMS-Kazpost» фи­лиа­­лының дирек­торы Еркінбек Дуску­жанов мәмі­леге келіп, қол алысты. _m2a5434_1– Біз енді Универсиаданың рес­ми курьері – «Қазпошта» АҚ-тың «EMS-Kazpost» филиалы бол­ғанын қуана хабарлаймыз. Ди­рек­циямыздың хат-хабарларын әлем­нің әр түкпіріне және өз елі­міз­дің кез келген тұрғылықты ме­­ке­­ніне жедел жеткізе алатын ком­­па­­нияны таңдау біз үшін өте ма­ңыз­ды. Біздің талаптарымызға «EMS-Kazpost» толығымен сәй­кес келеді. Сонымен қатар, бұл ком­па­ния эстафета алауы­на керек­ті ірі көлемдегі жүк­ті де тасы­мал­­дай­­ды. Ал Универсиаданың құр­­метіне мар­ка шығару – бұл ша­ра­­ның ел тарихындағы маңыз­ды­лы­ғын көрсетеді, – деді Наиль Нуров. Өз кезегінде «Казпоштаның» «EMS-Kazpost» филиалы да Уни­вер­сиаданың ресми курьері болу ұсынысын қуана қабылдаған. – Осы серіктестік барысында біздер шет мемлекеттерге мыңнан астам сәлемдемелерді жеткіземіз, ал Қазақстан бойынша 10 тонна ша­ма­сындағы ірі көлемдегі жүк та­сы­­мал­даймыз. Сонымен қатар, біз тауар­лар мен басқа да құн­ды­лық­­та­рды сақтауға арналған 500 шар­­шы метрлік қойманы пайда­ла­нуға береміз, – дейді «Казпош­та» АҚ «EMS-Kazpost» филиа­лы­ның директоры Еркінбек Дускужанов. «Алматы қаласындағы 2017 жылғы ХХVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада» тақырыбындағы «Спорт» топтамасындағы пошта­лық блоктың маркасы 4 бояулы оф­сет­­ті тәсілмен басылған, пер­фо­ра­­ц­ия­сы жақтаулы. Блоктың өл­шем­і 90 х 100 мм. Марканың өлшемі 28 х 40 мм. Таралымы – 7 500 блок. Сурет­ші К.Плу­жникова. Белгі­лен­ген бағасы 300 тең­­ге. Пош­та­лық мар­калар «Қазақ­­стан Рес­пуб­лика­сы Ұлттық Банкі­­нің Банк­нот Фаб­рикасы» Рес­­пуб­­лика­лық мем­ле­кетт­ік кәсіпор­нын­да басып шығарылды. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»