14 Желтоқсан, 2016

Грекиядан ежелгі қаланың ізі табылды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-12-16-kala

Грекияның орталық бөлігінен археологтар шамамен 2,5 мың жыл бұрынғы ежелгі қаланы тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл Афинаның солтүстігінде Кардица маңында орналасқан. Қаланы тапқан археологтар Гетерборг университетінде (Швеция) жұмыс істейді. «Енді біз ежелгі замандарда ауылдар мен елді мекендер емес, нағыз қалалардың болғанын дәлелдей аламыз», – дейді антикалық мәдениетті зерттеумен айналысатын ғалым Робин Рёнлунд. Табылған қабырғалар мен іргетас қалдықтары жер үстінде жатыр. Және арнайы радар арқылы жер астындағы ежелгі нысандарды да анықталды. «Біз әлі қазба жұмыстарымен айналысқан жоқпыз, дегенмен жер астындағы нысан туралы барлық мәлімет бар. Мәселен, қала жолдарының тұтас желісі бар екенін білеміз», – деді Робин Рёнлунд. Швед ғалымдары келесі жылы грекиялық әріптестерімен бірлесіп, ежелгі қала табылған аумақты толық зерттеуді жоспарлап отыр.