14 Желтоқсан, 2016

Білім мен дағды ұштасса

1171 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
zhunusbaevaҚазақстан­да­ғы білім бе­ру жүйесінде бі­лім сапасын өз­гертудің өзекті мәсе­ле­лерінің бірі – жалпы білім беретін мек­тептерде жаңар­тылған білім беру бағдарл­ама­сын енгізу. Жа­ңар­тылған бі­лім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың жан-жақты құзыреттілігін қалыптастыратын бағдар­лама. Бұл бағдарламаның география пәнін оқытудағы басты ерекшелігі – білімді функ­циялық және шығар­машылықпен қолдану, зерттеу жұмыс­тарын жүргізу, ақпараттық-коммуни­ка­циялық технологияларды қолдана отырып, деректер базасын өңдеу, жинақтау, топтастыру және түрлі формада ұсыну (мысалы инфографика, картограмма, картодиограмма, Exsell бағдарламасындағы түрлі кестелер мен диаграммалар), комму­никативті қарым-қатынас дамытуда тілдік дағдыларын (оқылым, жазылым, айты­лым, тыңдалым) қалыптастыру, бір сөз­бен айтқанда, ХХІ ғасырда қажетті кең ауқымды дағдыларды дамыту. Бұл дағды­ларды оқушы бойына қалыптастыру үшін, мұға­лімнің бойында да осы дағдылар болуы шарт, яғни мұғалім оқушылармен шы­ғар­машылық қарым-қатынаста болуы тиіс. «География» пәні бойынша оқу бағдар­ламасының мақсаты – дүниенің геогра­фия­­лық бейнесін тұтас қабылдайтын, гео­гра­­фиялық ойлау қабілеті дамыған, осы пән­­нің әдістері мен тілін білетін және қол­дана­­­тын, гео­графиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу. «География» пәнінен жа­ңартылған оқу бағдар­ла­масында төмендегідей ерек­ше­ліктер көрініс алады. Олар: дағды мен білім­дердің бір мақсатқа бірігуі, яғни оқу мақсатына дағды­лар арқылы жету, зерттеу әдіс­тері негізінде әмбебап мақсат­тардың әр тақырыптарда кө­рініс алуы, мысалы, далалық, картографиялық әдістер т.б, танымдық әрекет, яғни сыни тұрғыдан ойлауға байланыс­ты белсенді әдістер арқылы оқыту, пайдалануға болатын ресурстардың әртүрлілігі, әр сабақтың практикалық ба­ғыты, сондай-ақ, тілдік мақсаттар, яғни тілдік дағдыны дамыту мақсатында тіл­дік 4 дағды оқу жоспарында бір-бірі­мен өте тығыз байланысқандығы, оқу­шы­­ның өз ойын, пікірін, көзқарасын түрлі мысалдар арқылы жеткізе білуі, пән мазмұ­нының спиральді қағидатпен бері­луі, яғни тақырыптар жыл бойы қайта­ланып отырғанымен, сынып өскен сайын күрделеніп отыруы. «География» пәні бойынша ұсынылған тақырыптар, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жергілікті компонент­тер негізінде берілген, соның барысын­да оқушының бойына ұлттық құнды­лықтармен бірге азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық сынды қасиеттерді қалыптастыруға жағдай жасалады. Ашық ақпараттық кеңістікте қажетті ресурстарды қолдануда ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру үшін жергілікті компоненттер негізінде оқытудың маңыздылығы зор. Жаңартылған оқу бағдарламасын­да оқушының білім жетістігін шынайы баға­лау үшін критерилі бағалаудың ен­гізілуі де орынды, себебі, ол мұғалімдерді нақ­ты­лыққа машықтандыратын, оқушы­лардың құзы­рет­тілігінің қалыптасуына және жеке тұлғаның қалыптасуына мүм­кіндік беретін бірден-бір жүйе, мұндағы бағалау мақсатқа жету үшін алдын ала белгіленген жетістік критерилері арқылы жүргізіледі. Оқу бағдарламасының тағы бір жеңіл­дігі, нақты бір тақырып ұсынылмайды, беріл­­ген 6 тарау: географиялық зерттеу әдіс­тері, картография және географиялық дерек­тер базасы, физикалық география, әлеу­ме­т­тік география, экономикалық гео­графия, елтану және саяси география негі­зінде мұғалім өзінің кәсіби біліктілігі мен шығар­машылығына қарай және уақыт тала­бына сай тақырыптар таңдап алады, яғни толы­ғымен мұғалімнің автоно­мия­сы сақтал­ған. Бұдан әр мұғалімнің өзді­гінен үз­діксіз білім алуы жүзеге асырыла­ды, соның барысында кәсіби шеберлігі шыңдалады. Қазіргі заман талабына сай әр мұға­лім­нің ақпараттық коммуникативті тех­но­­ло­гиялармен жұмыс жасау барысы жоғары деңгейде болуы тиіс. Сондықтан оқу бағдар­ламасының «Зерттеу және зерттеу­шілер», «Географиялық карталар», «Геогра­фиялық деректер базасы» тарау­лары­ның оқу мақсаттары АКТ қолдануды тікелей талап етеді, атап айтсақ, интернетті қолдана отырып ақпараттарды іздеу, талдау, өңдеу, жинақтау, электронды кестелер мен графикалық қосымша­лар­ды қолданып, деректермен жұмыс жасау, PowerPoint бағдарламасы арқылы түрлі тұсау­кесерлер даярлап, оны сынып алдын­да қорғау, интербелсенді тақтаның мүмкін­діктерін пайдалану. Бұл өз кезегінде оқушы­мен қатар мұғалімге де ақпараттық құзы­реттіліктерін дамытуға бірден-бір себеп. Сөзімді қорыта келе, жаңартылған бағдар­ламаны оқыту жүйесіне енгізу арқылы оқушыға дайын білімді бермей, білімді өзді­гінен меңгеруіне жағдай жасаймыз, соның барысында жан-жақты іздене­тін, әр күнін болжай алатын, алған білімін өмір­де қолдана алатын тұлға тәрбие­лейміз, ол біз үшін зор мүмкіндік және оны тия­нақ­ты жүзеге асыру мұғалімнің шеберлі­гіне бай­ланысты деп білемін. Марал ЖҮНІСБАЕВА, Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің география пәнінің мұғалімі Астана