14 Желтоқсан, 2016

ЕҚЫҰ бас хатшысы Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа үлгі етті

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ламберто Заньер Қазақстанның басқару тәжірибесі түйінді мәселелерді шешу жолында серпіліс беретінін айтты, деп хабарлайды Хабар24. Ұйым басшысының айтуынша, қазір әлемдік қауымдастық терроризм торына шырмалып, содырлар легінің ағылу қаупі төнді, мигранттар саны артып, радикалдану белең алды. Ламберто Заньер мұндай проблемаларды шешу үшін Қазақстан секілді сенімді серіктестің болуы маңызды деп санайды. "Мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында Қазақстан қалдырған мұраның маңызы туралы айтудан жалықпаймын. Қазақстанның 25 жылда тәуелсіз ел ретінде қол жеткізген жетістіктеріне куә бола отырып, БҰҰ-мымен бірге біздің ұйымнан да ойып тұрып алған орнымен құттықтаймыз. Ұйым жетекшісі ретіндегі өкілеттілігім бітпей тұрғанда, 2017 жылы болатын ЭКСПО көрмесіне қатысуды көздеп отырмын. Ал Қазақстанның БҰҰ-мының Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып сайлануы - елді әлемдік қауымдастықтың аймақта және жаһандық деңгейде танығанының айқын дәлелі бола алады. Қазақ елі басшысының идеялары өте өзекті. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және оны таратпау жолында қосып отырған үлесі әлемдік қауымдастық мүшелері үшін үлгі боларлық бастама деп айта аламын", - дейді Ламберто Заньер.