14 Желтоқсан, 2016

Университеттегі Президент залы

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жұртшылық Манаш Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қазақстан мемлекет­тік университетінде Елбасы жайлы тың мағ­лұмат­тармен жан-жақты таныса алады. «Ұлы Дала – Тәуелсіздіктің 25 негізі» жұл­­дыз­ды 25 күн акциясы аясында мұн­да Тұң­­ғыш Президент залы есігін ай­қара ашты. Профессор-оқытушылар, студент-жас­тар, ардагерлер өкілдері қатысқан сал­та­нат­ты шарада жоғары оқу орнының про­ре­к­торы Мүкарам Тайжанова Мем­лекет бас­шының өміріне, мемлекеттік қыз­­метіне қатысты танымдық деректер мо­лы­­нан қамтылғанын жеткізді. Кітапхана дирек­­торы Бәтима Жәменованың айтуын­ша, залда Тәуелсіздігімізден сыр шер­те­тін тари­хи құжаттар, Елбасының Қызылжар өңіріне келген сапарларынан түсірілген деректі фильмдер, естен кетпес қыз­ғылықты кездесулер жинақталған. Уни­верси­теттің жеке қорынан алынған мате­риал­дар арасында түрлі суреттерден құрас­­ты­рылған альбомның орны бөлек. Бұдан тысқары деректі фильмдерді теледи­дар арқылы тамашалауға да мүмкіндік тудырылған. Жиын барысында Тұңғыш Прези­дент қорының стипендиаттарына сертифи­кат­тар табыс етілді. Мұндай мәртебеге он сту­­дент ие болды. Солардың бірі Нияз­бек Үкенов ақпа­ратт­ық технологиялар факуль­тетінің төртін­ші курсында оқиды. Оқу озаты қоғам­дық жұмыстарға белсене қатысады. Президент ақысынан бөлек шәкіртақы да алады. Оның арманы – жақсы маман болу. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы