14 Желтоқсан, 2016

Ел еңсесін көтерген – Тәуелсіздік

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәуелсіздік жылдарында мем­лекет тарапынан әдебиет, өнер, мә­дениет салаларына, ақын-жа­зушыларға ұдайы қолдау көрсетіліп келеді. Соның нәтижесінде елі­міздің рухани өмірінде оң өзге­рістер болуда. Әрине, мұның бар­лығы еліміздегі тыныштық пен ынтымақтың жарқын көрінісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың мемлекетіміздің дамуына елдің татулығы мен бірлігі кепіл болып отырғанын үнемі айтудан жа­лыққан емес. Шындығында да ынтымағымыз жарасқанда ғана біз биік белестерді бағындыра аламыз. Ғылымға ұмтылмаған, білімге ұмтылмаған, бүгінгі тоқшылығына мәз болып, ертеңгісін ойламаған ел­дің болашағы бұлыңғыр. Сол үшін де мемлекетіміз іргемізді мә­де­ниетпен, біліммен, ғылыммен бекі­туді ұдайы басты назарда ұстап келеді. Бүгінде Қазақстанда рухани құн­дылықтардың бағасын көтеріп, оны елге насихаттауда қыруар ша­руалар атқарылуда. Мұның барлығы мемлекет саясатының оң бағытта жүргізіліп отырғанының жемісі. Тәуелсіздіктің 25 жылында қол жеткізілген орасан зор табыс­тарымыз біздің келешекке деген сенімімізді нығайта түсуде. Өзіміз күнделікті естіп, біліп жүр­гендей әлемнің кейбір тұс­тарын­да түрлі жағдайлар орын алуда. Сол аймақтардағы кейбір елдер­дің ғасырлар бойы жинақтаған абы­ройы, беделі жоғалып, халқы мұңайып, кіріптар күй кешуде. Бұл жайт­тар­дың барлығы бізге сабақ болуы тиіс. Қазіргі таңда, Құдайға шүкір, Қазақ­станымыз өркендеп, іргесін нығайтып, қуатты елге айналды. Мұ­ның барлығы елімізде жүргізіліп отыр­ған салиқалы саясаттың арқасы екені шүбәсіз. Сондықтан, Тәуел­сіз­дігіміз құтты болып, ортақ Ота­ны­мыздың ашық аспаны аясындағы берекелі тіршілігіміз жалғаса берсін. Бексұлтан НҰРЖЕКЕЕВ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты