14 Желтоқсан, 2016

Жеделхаттарда – жетістіктеріміз

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шет мемлекеттер басшыларынан құттықтаулар келіп түсуде, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Түрікменстан Президенті Гур­бангулы Бердімұхамедов түрікмен халқының және жеке өзінің атынан Мемлекет басшысын және барша бауырлас Қазақстан халқын Тәуел­сіздік мерейтойымен құттықтады. «Сіздің елдің тәуелсіздік жылдарында саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда қол жеткізген табыстарын, сондай-ақ, елдеріміз арасында қалыптасқан жан-жақты қарым-қатынастың даму деңгейінің жоғары екенін айта келіп, біз өзара құрмет пен сенім қағидаттарына негізделген мемлекетаралық үнқатысуды одан әрі өрбіту мен нығайтудағы елдеріміздің айнымас ұстанымы екі халықтың мүддесіне толық сай келетініне нық сенімдіміз», – делінген жеделхатта. Бұдан бөлек, Жапония императоры Акихито біздің республика азаматтарын мерейтоймен құттықтап, Қазақстан халқының одан әрі өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдірді және бақ-береке тіледі.