14 Желтоқсан, 2016

Аулаға көлік қою ақылы болуы мүмкін

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана әкімдігі аулаларды көліктерден тазарту үшін орамаралық ақылы тұрақ салу жобасын дайындауда. Астана билігінің жаңа идеясы аулаларды көліктерден босату. Қазіргі таңда ауладағы көлік қозғалысын жабуға құрылыс нормалары мен ережелері мүмкіндік бермейді. Соның ішінде өрт қауіпсіздігі үшін де көліктердің кіріп-шығуы керек. Алайда, тиісті басқарма аталған заңнамаға өзгеріс дайындамақшы. Мұндай бастамаға себеп болған тұрғындардың ауладағы көліктің көптігі туралы түсірген шағымдары. Дегенмен, бұл бастама жақын уақытта қолға алынбауы мүмкін.