14 Желтоқсан, 2016

Жануарлар ауруының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөндірістік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Алмабек Марс жануарарлар ауруының алдын алу және зиянды ағзалармен күрес бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті. «Республика аумағында дұрыс ветеринарлық және фитосанитарлық ортаны қамтамасыз ету үшін министрлік зиянды ағзалармен күрес және жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекараларына шығарылатын және республика аумағына әкелінетін импорттық өнімдердің фитосанитарлық және ветеринарлық талаптарға сәйкестігіне тұрақты бақылау жүргізіліп отыр», – деп атап өтті А.Марс. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан».