Ресейлік боксшы Сергей Ковалев қазақстандық Геннадий Головкиннен нокдаун алғанын мойындады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Бір кездері қос боксшы Абель Санчестің қол астында жаттыққан болатын. Алайда, белгілі бір себептерге байланысты ресейлік спортшы 2012 жылы әріптестігін тоқтатқан.
Британиялық Джонни Нильсон спарринг кезінде Ковалевтің Головкиннен қатты соққы алып, есеңгіреп қалғаны туралы тілшілерге сұхбат берген. Міне, осыдан кейін бұл жайт көпшілік арасында қызу талқыланған. Көп ұзамай мұндай жағдайдың болғанын ресейлік спортшының қазіргі бапкері Дэвид Джексон растады. Дегенмен, сол тұста Сергейдің жаттығу залында алғашқы күні болғандықтан қалыпты деңгейінде жұдырықтаспағанын айтты. Ал Ковалевтің өзі бұған дейін бұл жайды теріске шығарғанмен, қазір оқиғаның қалай өрбігенін мәлімдеді.
«Иә, демалыстан кейін Абель Санчестің жаттығу лагеріне келіп, Головкинмен спарринг өткізгенім рас. Оның соққысы мығым екен. Кезекті бір соққысынан кейін еденге құлап түстім. Бірақ орнымнан тұрып, ары қарай жалғастыруға мүмкіндігім болды. Бұл үшін ұяламын деп айта алмаймын. Біз би билеп жүрген жоқпыз, бокс болғандықтан бұл қалыпты жағдай. Оның үстіне сол уақытта Челябинскіден жаңа келген бетім болатын. Жаттығуға бірден сіңіп кете алмадым. Спаррингтің бір раунды 4 минуттан, ал үзіліс 30 секундтан ғана болды. Жұрттың айтып жүргені тек төртінші раундта ғана орын алды», – деді Ковалев.

Жамбыл облысында 623,3 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылады
Аймақтар • Бүгін, 23:39
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Бүгін, 00:00
Жастар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Кеше
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Кеше
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Кеше