14 Желтоқсан, 2016

Мереке күндері ауа райы күрт бұзылады

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еліміздегі 15-17 желтоқсандағы ауа-райы оңтүстіктен келетін циклонға байланысты болады, деп хабарлайды Қазгидромет РМК. «Кезекті оңтүстік циклон Қазақстан аумағына келуге дайындалып жатыр. Әдеттегідей, қысқы уақыттағы бұл циклонмен республиканың көп бөлігінде ауа температурасы тек күрт көтеріліп қоймайды, сонымен қатар ауа райы да бұзылады», - делінген хабарламада. Алдағы үш тәулікте, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, қар, бұрқасын, көктайғақ, кей жерлерде күші 18-25 м/с болатын, дауылды жел күтілуде. Тек батыста ғана температурасы әдеттегіден 3-6 градус жоғары, күн райы ашық болады деп күтіледі.