14 Желтоқсан, 2016

Түркияға лаңкестік қаупі төніп тұр - Ердоған

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түркия президенті Режеп Ердоған елге жасалған тарихтағы ең ірі шабуыл туралы айтып берді, - деп хабарлайды Lenta.ru. Президенттің сөзінше, Түркияға лаңкестік топтар тарапынан зор қауіп төніп тұр, осыған байланысты ел жауапты шаралар қолдануы қажет. Бұл сөзді Эрдоған жергілікті әкімшіліктер басшыларымен кездесуінде айтты. Түркия үшін ең ірі қауіп ретінде ол "ДАИШ" (Қазақстанда тыйым салынған) пен Күрдістан жұмысшы партиясының содырларын атады. Естеріңізге сала кетсек, 10 желтоқсан кешкісін Ыстамбұл орталығындағы Бешикташ ауданында орналасқан Vodafone Arena стадионы маңында жарылыс болған. Террористер полицейлер мінген автобусты нысанға алған еді. Соңғы мәліметтер бойынша, 44 адам мерт болып, 155 адам жараланған. Теракт үшін жауапкершілікті "Күрдістан жұмысшылар партясынан" бөлініп шыққан "Күрдістан бостандығының сұңқарлары" ұйымы мойнына алды.