Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған балалар мен жасөспірімдердің «Мен Қазақстанды бейнелеймін» атты байқауының қорытындысы бойынша балалар шығармашылығы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Байқауды ұйымдастырған «Индиго» бейнелеу өнері студиясы мен Қазақстандағы «Шеврон» компаниясы. Экспозицияда «Индиго» бейнелеу өнері студиясының, №1 және №2 балалар үйлерінің оқушылары мен Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларының жұмыстары қойылды.
«Біздің компания – Қазақстанға 1993 жылы келіп, жас тәуелсіз мемлекетке қолдау көрсетіп, сенім артқан батыстық алғашқы ірі инвестор. Біз тек энергоресурстарды өндіру саласында ғана емес, қазақстандықтардың, соның ішінде мектеп оқушыларының зияткерлік әлеуетін бар мүмкіндігінше ашуға көмектесетін көптеген әлеуметтік жобаларға ұзақ жылдар бойы серіктес болғанымызды мақтаныш етеміз», – деді «Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмұханова.
«Мәңгілік Ел» құндылықтарының тұжырымдамасын қамтитын бұл байқау 25 желтоқсанға дейін жалғаспақ. Байқау мақсаты – отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін сүйіп, құрметтеуге үйрету, рухани бірлік пен келісім идеяларының және қоғамдағы тұрақтылықтың қалыптасып, таралуына, сондай-ақ, шығармашылық дағды мен бейнелеу өнерін көпшілікке танытып, дәріптеуді дамыту.
Байқауға қатысушылар бейнелеу құралдарымен туған жердің табиғатын, сүйікті қаласын, сәулеттік жетістіктерді, түрлі халықтар мен ұлыстардың өзара қарым-қатынасы мен мәдениетін, бүкіл қазақстандықтардың ортақ үйі – Астананы қалай елестететінін бейнелеп көрсетуге тырысқан.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімінен өзге, киіз басудан, қыш құюдан, кескіндемеден шеберлік сабақтары өткізіліп, музей залдары бойынша экскурсиялар жүргізіліп, қуыршақ театрының қойылымы көрсетілді.
Мира БАЙБЕК,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ
Ақадыр кенті

Жамбыл облысында 623,3 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылады
Аймақтар • Бүгін, 23:39
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Бүгін, 00:00
Жастар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Кеше
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Кеше
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Кеше