Соңғы бес жылда ERG Еуразиялық тобы мен облыс әкімдігі арасындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы өзара меморандум аясында өңірдегі спорттың дамуына 10 млрд теңге инвестицияланыпты. Жуырда Ақсу қаласында алып өндіріс пен жергілікті биліктің бірлескен меморандумы барысында спорт кешені ашылды.
Бұған дейін ERG Еуразиялық тобы өз қаражатына Ақсуда Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайын тұрғызып, тұрғындарды бір қуантқан еді. Ал екінші сыйлаған қуаныштары – жаңа пайдалануға берілген жабық хоккей корты. Еуразиялық топ спорт кешенінің құрылысына 70 миллион теңге бөліпті. Мұз аренасы 1,5 мың шаршы метрді құрайды.
Қыс мезгілінде мұз айдынында қала тұрғындары отбасымен келіп, коньки теуіп, демалады. Жазда жасанды жабындыда сондай-ақ, балалар және жеңіл атлетикамен айналысатын мүмкіндігі шектеулі жандар жаттығады. Кешенде мұз айдынынан басқа, хоккейшілер бөлмелері, жаттықтырушылар мен дәрігерлерге арналған кабинеттер бар, ыстық және суық су, жылу жүйесі іске қосылған. Түрлі заманауи жаттығу құрылғылары, алаңдар орын тепкен.
– Қаламызда осындай тамаша хоккей кортының ашылуы өте қуанышты, – дейді ферроқорытпа зауытының директоры Сергей Прокопьев. – Енді үзілмес хоккей дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік мол. Спорт жастар, балалар үшін, үлкендер үшін қашанда қажет.
Айтса айтқандай, Рио Олимпиадасына қатысқан еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дәулет Шабанбай ақсулық. Биыл «Достық» стадионында тамыз айында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында еліміздің кен-металлургия өнеркәсіптері спортшылары арасында ХVІІІ спартакиада өтті. Оған 7 алып кәсіпорын қатысып, 500-ден аса спортшылар, қонақтар келді. Жарыс футбол, үстел теннисі, шахмат, волейбол, баскетбол секілді бірқатар спорттың түрлерінен өтті. Нәтижесінде, Ақсу ферроқорытпа зауытының спортшылар командасы бірінші орынды жеңіп алды.
Ал спорт кешені ашылған күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне орай хоккейші балалар командасына құны 1 миллион теңге тұратын шайбалы хоккей сертификаты табыс етілді.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы,
Ақсу қаласы

Жамбыл облысында 623,3 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылады
Аймақтар • Бүгін, 23:39
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Бүгін, 00:00
Жастар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Кеше
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Кеше
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Кеше