15 Желтоқсан, 2016

Жаңа еңбек жарық көрді

116 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
era_9087Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассам­б­леясының қолдауымен, публицист, ҚХА және Қазақ­стан Жазушылар одағының мүшесі Александр Тараков­тың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Казах­станский характер» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл кітапқа автордың белгілі тұлғалар туралы 20 шақты очеркі енген. Очеркте­рінде А.Тараков өмір­дің қиын жағдай­лары мен күр­делі сынақтарына төтеп беріп қана қоймай, кәсіби шеберліктің шыңы­на шығып, үлкен нәтиже­лерге қол же­т­кізген қайсар адамдардың мінез-құ­лық­тарын жан-жақты ашып көрсеткен. «Бұл арнайы жазылып, жа­рық­қа шыққан кітап емес. Ол – ұзақ жылғы еңбектің нәти­жесі. Кі­тап­та жазылған дүние­лер, онда­ғы кейіп­керлер – Тәуел­сіз­дік­тің жемісі. Себебі, мен мұн­дағы кейіп­керлердің өсу, тұлғаға айна­лу жолдарын жан-жақты әрі терең бақылап, зерделеуге ты­ры­с­­тым. Жалпы алғанда, қазақ­стандықтардың күш-жігері мен мінез-құлықтары айрықша. Мен қалам тербеген бұл азаматтардың әрқайсысының өмір жолы жақсы қалыптасты, себебі, олар тек алға жылжу арқылы биік әрі жаңа шың­дар­ды бағындыра білді», – деді автордың өзі. Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов: «Мен бір жолы тұсаукесер мен конференция бір-бірінен несімен ерекшеленеді деген сауалға қатысты өз ойымды білдірген едім. Конференцияда белгілі бір оқылған кітап туралы құнды ой айтылады, ал тұсаукесерде кітапты оқымай тұрып, оған мақтау сөз, жақсы пікір білдіріледі. Бірақ, бүгінгі жағдай мүлдем олай емес. Себебі, бәріміз де осы еңбекте жа­зылған дүниелерді оқып шық­қанбыз. Олардың барлығы «Ка­захстанская правда» газетінің бетінде жарық көрді. Бәріміз де бұл басылымның оқырмандарымыз. Бәріміз де Александр Тараковтың шығармашылығымен жақсы, ­етене таныспыз. Бұл кітап өз уақы­тында жарық көріп отыр. Себебі, Президент Нұрсұлтан Назарбаев алдымызға Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы міндет қойып отыр. Ал бұл – еңбек және еңбек адамы туралы кітап және өте жақсы кітап», – деді. Аталған еңбек туралы пікірін Қазақстан халқы Ассам­блеясы кафедралары ассоциа­циясының төрағасы, экономика ғылымдарының докторы Ана­толий Башмаков та білдірді. «Кез келген еңбектің оқырманға жол тартуы – әрқашан да айтулы оқиға. Ал мағыналы да мазмұнды еңбектің жарық көруі – ол мереке. Жақсы кітап – бұл жай ғана өнім емес, ол нағыз азаматтық іс-әрекет. Александр Тараковтың бұл дүниесінде оның ең таңдаулы ой-пайымдары, әдеби суреттемелері мен бейнелері, кейіпкерлердің өміріндегі кейбір сәттер сәтті көрініс тапқан», – деді ол. Ал «Қоғамдық келісім» респуб­­ликалық мемлекеттік бірлес­ті­гінің жетекшісі Наталья Калаш­никова: «Бүгін біз бұл кітапты Ұлттық ака­де­миялық кітапханаға, сон­дай-ақ, ұлт­аралық және конфессия­ара­лық қатынастар саласы бойын­ша қазақ­стандық авторлар­дың ғылы­­ми еңбектері мен зерттеу­лерінің қорын қалыптастыру және насихат­тау мақсатында құрылған Қазақ­стан халқы Ассамблеясы депозий­тарийіне ресми түрде тапсыратын боламыз. Жалпы алғанда, бұл шығарма әлемнің 80-нен астам елінің 130 мыңға тарта оқырманынан тұратын аудитория­ны қамтитын болады», – деді өз сөзінде. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов ҚХА-ның бірқатар мүшесін, этномәдени бірлестіктер, ғылыми және шығарма­шылық зия­лы қауым өкіл­дерін Қазақ­стан Рес­публика­сының мемле­кет­тік наградаларымен, «Қазақ­стан Республикасы Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалімен, ҚХА-ның «Бірлік» алтын ме­далімен, ҚХА-ның Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен ­марапаттады. Мәселен, Ядролық сынақтарға қарсы «Невада-Семей» халық­ара­лық қозғалысының вице-прези­денті Сұлтан Картоев пен Батыс Қазақстан облысы Қазақ­стан халқы Ассамблеясы хатшы­лы­­ғы­ның меңгерушісі Гайса Ка­паков «Пара­сат» орденімен, Қазақ­стан Респуб­ликасы Ұлттық музейінің аға ғылыми қызметкері Виктор Зайберт II дәрежелі «Достық» орденімен, Орал қа­лалық мәслихатының де­пу­таты, ҚХА мүшесі Аветик Амир­ханян, «Динар-Электромаш» ЖШС мең­герушісі Сергей Вишняк және Алматы қаласындағы әзербай­жан этно­мәдени бірлестігінің төр­аға­­сы Эй­баз Мамедгасанов «Құр­мет» ор­денімен марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалін «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қо­­рық-музейінің директоры Гүл­мира Мұхтарова алса, Жамбыл атын­­дағы Қазақ мемлекеттік филар­мо­ния­сы­ның мемлекеттік үрлемелі ас­пап­тар ор­кестрінің солисі Игорь Бла­го­дар­ный «Қазақ­станның еңбек сі­ңір­ген қайрат­кері» құрметті атағына ие болды. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»