15 Желтоқсан, 2016

Бейбіт өмірді қадірлеген ел озады

336 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
muradov-fotosy-2Тәуелсіздік таңында біздің елдің келешегіне күмәнмен қарағандар болды. «Қазақстанда өмір сүре берейін бе, әлде шет елге көшіп кетейін бе?» деген ойда болған адамдар да аз болған жоқ. Елдің болашағына сене алмаған сарыуайымшылдар бүгінгі таңда нақты жауабын алды. Ал елдің ертеңі жарқын болатынына сеніп, тынбай еңбек еткен жандар бүгінде өз мемлекетінің қол жеткізген табыстарымен мақтана алады, міне, бұл –  үлкен табыс. Кім осы Қазақстанда 25 жыл өмір сүрген болса, барлық про­цес­­тердің қатысушысы болса, сол адам «Осындай кезеңді бас­тан кештік, үлкен жетістіктерге жет­тік», деп зор мақтанышпен ай­туына болады. Шы­нымен де, бұл – жас тәуелсіз мем­лекеттің қа­лып­тасқан және ха­лықтың өсіп-өркендеген кезеңі! 25 жыл тү­бегейлі өзгерістердің, саяси-экономикалық  жаңарулардың уақыты болды. Халықтың рухани әлемі де өзгерді, жаңа көзқарас қалып­тасты. Әрбір адам ұлттық құн­дылықтарын қайта жинаған, өзінің тарихи терең тамырына айрықша мән берген кезең болды. Қай ұлттың өкілі болса да, халықтық байлық болып табылатын тілімен, мәдениетімен, өнерімен қайта табысты. Ел ғана тәуелсіздік алған жоқ, азаматтарымыз да азаттықтың, еркіндіктің, сол арқылы келетін бақыт пен берекенің ба­ғасын білді. Өзім Қазақстан халқы Ассам­б­леясының мүшесімін. Бұл ұйымның құрылғанына 21 жыл­дан асты. Осы кезең ішінде кез келген азамат үшін оның ұл­ты­на, тіліне, тегіне, жынысына, діни көзқарасына қарамастан, мо­ральдық теңдік берген мемлекет қалыптасқанын көре аламыз. Қазақстан тәуелсіздік жылдары айтарлықтай жетістіктерге қол жет­кізді. Елбасы айтқандай, бұл – жетістіктер мен табыстардың та­рихы. Еліміздің жүріп өткен жо­лында үлкен еңбектің, қа­жыр-қайраттың өшпес ізі жатыр. Өйткені, біздер небір қиын­дық­тарды жеңе білдік. 1990 жыл­дардың бас кезіндегі ішкі қар­жы дағдарысынан, одан кейін дауылды күнгі теңіздің тау толқындарындай қайта-қай­та соққан әлемдік қаржы дағ­да­рыс­тарынан еліміз аман өт­ті. Бар­­лық күшті бір арнаға то­ғыстырып, бір­­лесе еңбек етудің арқасында эко­­но­микалық кедергілерді ең­се­ріп қана қоймай, барлық сала­да та­быстарға қол жеткіздік. Сон­дай кезеңдерде Мемлекет бас­шысы қаржы дағдарысына қар­сы күрес бағдарламаларын қабылдап, атқарылуға тиісті нақты іс-шараларды анықтап берді. Соның нәтижесінде қиын асулардан қиналмай өттік. Ерекше айта кетерлік бір жайт, қаржы дағдарыстары кезе­ңінде елімізде, ең біріншіден, әлеу­меттік салаларға баса көңіл бө­лінді. Кейінге шегерілуге мүм­кін болатын кейбір жобаларды қаржыландыру қыс­қа­р­тыл­ғанмен, әлеуметтік салаға ба­ғытталған қаржыны сақтап қа­лудың бар­лық жағдайы қа­рас­тырылды. Ұлттық қордан да қаржы бөлінді. Соның нә­ти­жесінде, 2016 жылдан бас­тап зейнет­ақы, жәрдемақы, бюд­жеттік ме­кеме қызметкерлерінің жа­лақысы, студенттердің шә­кірт­ақы­сы көтерілді. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасыларды, мүм­кін­дігі шектеулі жандарды қол­дау­ға арналған шығыстар да то­лық сақталды. Жуырда ғана 2017-2019 жыл­дар­ға арналған ре­с­пуб­ликалық бюд­жет қабылданды. Президент тап­сырмалары негізінде әлеу­мет­­тік салаға бағытталатын бағ­­дар­ла­малардың бірде-бірі еш­қан­дай қыс­қартуға ұшыраған жоқ. Сонымен қатар, қаржы шы­ғыстарына назар салсақ, аграр­лық секторды үдемелі да­мы­ту­ға, индустрияландыру мен ша­ғын және орта бизнесті да­мы­туға, көлік және әлеуметтік инфра­құрылымды дамытуға ба­сым­дық беріліп отыр. Мұның бәрі ха­лықтың игілігі үшін жасалуда. Ал енді халықаралық жағ­дай­ға тоқталсақ, бүгінгі таңда әлем ты­нышсыз күйде. Соғыстар жү­­ріп жат­қан елдер қаншама? Бір-бірімен дау-жанжалға түсіп, жағ­дай­лары тым шиленісіп кеткен елдер де бар. Біз ынтымақтастық байланыс орнатқан қай мемлекетпен де жақсы қарым-қатынастамыз. Экономикамыз да әлемдік қар­жы айналымымен тығыз байла­нысты. Бір елде болған ке­ле­ң­сіз­діктер бізге де әсер етеді. Ай­та­лық, Түркия елі бізбен бауырлас, діні де бір, тілі де бір. Сол сияқты Ресей – бізбен мәңгілік көр­ші ел. Біз екі мемлекетпен де достық қарым-қатынас жасап келе жатырмыз. Алайда, өт­кен жылы Түркия мен Ресей ара­сында түсініспеушіліктер орын алғаны белгілі. Дегенмен, биыл қос елдің президенттері бір мәмілеге келіп, екі жақ бейбіт тоқ­тамға арқа сүйеді. Түркия мен Ресей арасын ынтымаққа ша­қыруда біздің Елбасымыздың рөлі айрықша болды. Түрік еліне барған сапарындағы басты мақсаттың бірі де осы деп ойлаймыз. Міне, екі ел бітімге келіп, Н.Назарбаевтың араағайындық қыз­ме­ті өз нәтижесін берді. Бәріміз тыныштықта өмір сү­ріп жатқан кезде, бей­біт­ші­лік­тің қа­дірін жете ұғына бермейміз. Ел ішін­дегі тұрақтылықты сақ­тау үшін қаншама жұмыстар ат­­қа­ры­лып келе жатқанын да ес­кер­мей­міз. Бұл бағытта Қазақ­стан халқы Ассамблеясы, жер­гі­лік­ті басқару органдары да, оқу орындары да және бейбіт тір­ші­лік­ті сақтауға барлық мүдделі аза­маттар да нақты істермен айна­лысып келеді. Өмір болған соң, қоғамда әр­түрлі жағдайлар болып жатады. Кей­бір адамдарды толғандырып жүр­ген өзекті мәселелер де бар. Олардың күші жетпей жатуы мүмкін немесе кедергілерге ұшырауы ықтимал. Әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысу де­путат ретінде біздің парызымыз. Қандай мәселе де біздің ел­де заң жолымен реттеуді қажет ете­ді. Осы орайда, Парламент де­путаттары өңірлерге арнайы са­парға шығып, сайлаушылармен кездесулер өткізіп тұрады. Сонда халықтың тыныс-тіршілігін өз көзімізбен көріп жүрміз. Бұл өз ке­зегінде заңдарға өзгерістер ен­гізу процесінде қандай мә­се­ле­лерге басымырақ көңіл бөлу қа­жеттігін айқындап береді. Үкі­мет­тен келіп түскен заң жоба­лары­на енгізілетін көптеген тү­зе­ту­лер, бірінші кезекте тұр­ғын­дардың өті­ніш­тері не­гі­зін­де қа­лыптасады. Біз тұрақтылықты сақтау ар­қылы қандай да бір қатерлерден өзі­мізді сақтандырып отырмыз. Қазақстан көп ұлтты ел болса да, бүгінгі таңда бізде, Аллаға шүкір, бір мемлекеттің азаматтарымыз деген ұғым берік қалыптасты. «Бір ел, бір тағдыр» ұғымы жай ғана бір жобаның формуласы емес, бұл –  қазақстандықтардың өз Отанына деген адал перзенттік сезімінің көрінісі! Біздің Президент әрқашанда алдағыны болжай отырып, нақты іс-шараларды іске асыруға бас­та­ма көтереді. Ол халықты біртұтас бо­лып, бір мақсат жолында еңбек ету­ге біріктіре білді. 2016 жылдан бастап іске асырыла бастаған 5 институттық реформа – «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспары мем­лекетімізге өзінің барлық мүм­кін­дік­терін пайдаланып, жаңа даму жо­лын бастауға негіз қалап берді. Дамыған 30 елдің қатарына қо­сылу туралы асқақ мұратымыз да, сонымен бірге, тіпті, ой­ла­нып-толғануға мәжбүр еткен қаржы дағдарыстары мен бас­қа да қиындықтар Қазақстан ха­л­қын Елбасының идеяларын қол­дау жолында бір мақсатқа бі­рік­тіре түседі. Тәуелсіздікті ны­ғайтып, Мәңгілік Елді орна­ту үшін басты қажеттілік – елдің бірлігі, халықтың ын­ты­мағы, азаматтарымыздың ең­бек­қор­лы­ғы және білімді жастардың қал­т­қы­сыз қызметі! Ахмет МУРАДОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты