Бестамақ ауылындағы «Көктас-Ақтөбе» АҚ-қа қарасты «Ақ құс» фабрикасының жұмыс істей бастағанына он жылдың жүзі болды. Бұл фабрика Батыс өңіріндегі бройлерлік бағыттағы бірден-бір құс фабрикасы болып табылады. Мұнда өндірілген құс еті өз өңірімізге, сондай-ақ, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына өткізіліп келеді. Таяу уақытта фабрика құс етін Ресей және Қытай нарығына шығаруға қадам жасауда. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында кәсіпорында жаңа құс сою цехы пайдалануға берілді. Мұның өзі фабриканың өндірістік қуатын арттырумен бірге, құс етін сыртқы нарыққа шығаруға мүмкіндік берері сөзсіз.
«Ақ құс» фабрикасындағы жаңа құс сою цехының салтанатты ашылуына арналған жиында сөз алған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа өндірістік желінің пайдалануға берілуімен құттықтай келіп, елімізде құс етіне деген сұраныстың артып отырғанын жеткізді.
Жаңа цехта 35 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобаның құны 1440 миллион теңге тұрады. «Ақ құс» фабрикасы басшыларының айтуынша, жұмсалған қаржы үш жыл мерзімде өтелетін болады. Фабрикадағы негізгі технологиялық үдерісі – инкубациялау. Айына үш-төрт рет 31 мың жұмыртқа арнайы шкафтарға қойылады. Әзірге жұмыртқалар Ресейден жеткізілуде. Бұл жоба өнімнің өзіндік құнын кемітуге қол жеткізеді деп күтілуде.
Жаңа цехтың салтанатты ашылуы барысында облыс әкімі алғалық 15 отбасына 100 мың, 150 мың, 200 мың теңгенің сертификаттарын тапсырды. Бұл қолдауға ие болғандар арасында «Алтын алқа» иегері Ақмарал Құрманбаева, мүгедектікке ұшыраған бала бағып отырған аналар Арайлым Әділханова мен Татьяна Алексеева, екі бала бағып отырған мүгедек ана Оксана Менгель, зейнеткер ана Марха Баршигова және басқалар бар.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы,
Алға ауданы

Жамбыл облысында 623,3 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылады
Аймақтар • Бүгін, 23:39
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Аймақтар • Бүгін, 00:00
Жастар • Кеше
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қоғам • Кеше
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
Қазақстан • Кеше
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Спорт • Кеше
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Кеше
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Әдебиет • Кеше
Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Кеше