Егемен ел болғанымызға ширек ғасыр толғанда, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Шымкентте газ тарату желілерін қайта жөндеу мен жаңғыртудың кезекті сатысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Осылайша Шымкент шаһарының бүкіл газ желілері сапасы жөнінен еліміздегі ең озық сатыға көтерілді. Аталған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Ғалым Айдосовпен бірге бизнес құрылымдарының өкілдері де қатысты.
Облыс басшысы өңірді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстары жайына тоқталып, осы бағыттағы игі істердің жалғасын табуына тілектестік білдірді.
– «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы қазіргі таңда облыстағы 300 мыңға жуық абонентті газбен қамту қызметін жүргізіп отыр. Аталған мекеме кеңестік кезең кезінде салынып, тозығы жеткен құбырларды, қондырғыларды жаңарту арқылы халыққа сапалы газ беру мақсатында соңғы 6 жылда 33 млрд теңге инвестициялық қаржыға «Шымкент қаласының газ тарату желілерін қайта құру мен жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асырды. Құбырлар жер астымен жүргізілді. Бұл қала мен елді мекендердің көркін жақсарта түсті. Жалпы бүгінге дейін инвестициялық қаражаттар есебінен 2 390 шақырым газ құбырлары жаңартылған. Нәтижесінде, 2017 жылдың 1 қаңтарына құбырлардың тозығы жетуі 2010 жылмен салыстыра есептесек, 60 пайыздан 19 пайызға төмендетілді, – деді Жансейіт Түймебаев.
Мұнан бөлек, аймақ басшысы 2013 жылы Түркістан қаласына №15, 2015 жылы Бәйдібек, Созақ аудандарын газдандыруға №18 «Шалдар» автоматты газ тарату стансаларының «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының қаражаты есебінен аяқталып, іске қосылғанын айтты. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Түркістан шаһары мен Шаян елді мекені газбен қамтылып жатыр. Мұндай жүйелі жұмыстары үшін «ҚазТрансГаз» компаниясына алғыс білдіреміз, деді облыс әкімі.
2009-2016 жылдар аралығында бюджет есебінен елді мекендерді газдандыру саласына 65 млрд теңге қаражат жұмсалып, 203 елді мекенге көгілдір отын жетті. Ал биыл олардың қатарына 25 ауыл қосылып, облыс бойын-
ша жалпы қамтылған елді мекен саны 300-ге жетті. Бұл облыстағы елді мекендердің 35,5 пайызы. Жалпы алғанда, облыс тұрғындарының 1 миллион 755 мыңнан (61,8 пайыз) астамы көгілдір отынды тұтынуда.
Ал «Бейнеу – Бозой – Шымкент» отандық магистралды газ құбыры бойындағы 8 ауданның 248 елді мекенін (684 304 халық) газдандыру мақсатында жоспарланған 7 автоматты газ тарату стансасының (АГТС) 4-уі іске қосылды. Қалған 3 АГТС құрылысын 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына аяқтау жоспарланып отыр. Осыған орай, облысты газдандырудың 2021 жылға дейінгі іс-шарасы әзірленіп, 47 елді мекенді газдандырудың жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары басталып кетті. Келер жылы газдандыру ісінде бұдан бөлек жұмыстарға да қаржы қарау жоспарлануда.
Жалпы, облыс елді мекендерін газдандырудың іс-шара жоспарына сәйкес, 2017-2020 жылдар аралығында 733 630 тұрғыны бар 383 ауылды газдандыру жоспарланған. Нәтижесінде 2020 жылдың соңына дейін 683 елді мекен көгілдір отынмен қамтылмақ. Бұл дегеніңіз – 2,5 млн халық, облыс тұрғындарының 89 пайызы.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Ғалым Айдосовтың айтуынша, газ құбырларын жаңғырту жобасын жүзеге асыру кезінде олар инновациялық технологияны барынша қолданған. Ең негізгісі – болат құбырлардан гөрі полиэтиленнен жасалған құбырларды төсеу әлдеқайда тиімді.
– 2009 жылы басталған облыстағы газ тарату желісін жаңғырту бағдарламасының нәтижесінде газбен қамтудың техникалық базасы кеңейді. Болат құбырлар, пайдалану мерзімі әлдеқайда ұзақ әрі электрохимиялық қорғанысты қажет етпейтін полиэтиленге ауыстырылып жатыр. Бұл оларды жөндеуге кететін шығындарды едәуір азайтады. Жобаны жүзеге асырудың тиімділігі – жүйенің газ өткізу мүмкіндігі сағатына 85 мың текше метрден 258 мың текше метрге дейін көбейеді және жоғары қысымды газ құбырларын бірнеше рет шығыршықтау арқылы бүкіл жүйенің беріктігін күшейтеді. Өңірде жаңа газ инфрақұрылымы құрылды, тозығы жеткен құбырлар полиэтилен құбырларға ауыстырылуда. Ескірген газ тарату пункттерінің орнына блокты-жиналмалы пункттер салынып жатыр, – деді Ғалым Айдосов.
Бұл өз кезегінде газдандырудың инфрақұрылымын жаңалап қана қоймай, тұтынушылар мен жеткізушілер арасында сенімді байланыс орнатып, жаңа қатынас қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.
Асылбек ДОСАЛЫ
• 16 Желтоқсан, 2016
Шымкенттің газ тарату желілері толықтай жаңартылды

Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты
Туризм • Бүгін, 18:02
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
Бизнес • Бүгін, 17:51
Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?
Медицина • Бүгін, 17:34
«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады
Спорт • Бүгін, 17:30
Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
Ауа райы • Бүгін, 17:25
Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:14
Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
Үздік IT-мамандар жүлде қоры 3 млн теңгелік чемпионатта бақ сынайды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Атырауда бір жылда 92,5 мың балаға тегін стоматологиялық көмек берілді
Медицина • Бүгін, 16:40
Сербия Президенті Астанаға ресми сапармен келді
Саясат • Бүгін, 16:30
Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты
Экспорт • Бүгін, 16:25
БЖЗҚ активтерінің тиімділігі: Жинақталған кіріс 14 трлн теңгеге жуықтады
Қоғам • Бүгін, 16:20
Әмірліктер неге биткоин монеталарын сатпай, сақтап отыр?
Қаржы • Бүгін, 16:11
Қазақ сарбазы халықаралық байқауда жеңіске жетті
Өшпес даңқ • Бүгін, 16:08