16 Желтоқсан, 2016

Қуатты Қазақстан – баянды болашақ

545 рет
көрсетілді
29 мин
оқу үшін

era_0139Өркенді өрлеу кезеңі

Биылғы жыл айрықша тарихи маңызды оқиғаларға толы болып отыр. Ел тәу­ел­сіздігінің 25 жылдығы аталып өтуде. Бұл әр қазақ­стан­дықтың бойында пат­риот­тық намысты оятып, мақ­таныш сезіміне бөлейді. Ширек ғасырды артқа тастаған егемен еліміздің ертеңі жар­қын болатындай ауқымды жұмыстар атқарылды. Мем­лекет Басшысының Тәуел­­­сіздіктің 25 жылдығына ар­нал­­­ған салтанатты жиында сөй­ле­ген сөзін мұқият тың­дадым. Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев осы кезең­де қол жеткен жетістіктерімізді дәйекті дерек­термен тарата баяндады. Қыран қанаты талатын дархан даламыз­да қаншама жаңа кәсіпорындар бой көтер­ге­ніне, қаншама әлеуметтік нысандар са­лын­ғанына тағы бір көзіміз жетті. Осы ширек ғасырда Қазақстан әлемнің озық елдерімен иық түйістіре ала­тындай қуатты елге айналды. Ішкі және сыртқы саясаттағы сәт­ті қадамдарымыз да айтуға тұ­рар­­­­лық. Шекарамызды шегендеп ал­дық, ше­телдермен терезесі тең дә­ре­же­де сөйлесетіндей қарым-қа­ты­нас ор­нат­тық. Әлемде ядролық қарусыз бей­біт өмір сүруге бастама жасау ар­қылы аузын айға білеген мем­ле­кет­тер­дің өздерін мойындаттық. Дін және кон­фессияаралық татулықты, елі­мізді мекен­­деген ұлттар мен ұлыстар ара­сындағы бірлік пен ынтымақтастық туын жоғары көтерген қазақстандық даму жолының бастауында да Елбасы тұрғаны атар таңдай ақиқат. Егемендіктің өтпелі кезеңіндегі қиындықтарға қарамастан алға басушылықтың осын­шалық серпінділігін қамтамасыз еткен Қазақстан 25 жылда экономикалық да­му­дың сара жолына түсті. Салтанатты жиын­да сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы: «1991-2016 жылдар аралығында қазақ­стан­дықтардың табысы 40 есе, ал елдің ішкі жал­пы өнімі 20 есе артты. Шамамен 2 миллион жұмыс орны ашылды», деп атап өтті. Елбасы енді ауылды түлетудің қолға алынғанына тоқ­тал­ды. Қазірдің өзінде ауыл шаруа­шылығын дамытуға бағытталған, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» және басқа бағдарламалар қазірдің өзін­­де саланы дамытуға серпін беруде. Биыл біздің серіктестік те Тәуел­сіз­д­ік­­тің 25 жылдығына толағай тартумен ке­лді. Шаруашылықтағы 30 мың гектар егін алқабының әр гектарынан 13 центнерден өнім жинадық. Мал саны да өсті. Халықтың тұрмысы түзеліп, өмір сапасы жақсарды. Осының барлығы тәуелсіздіктің нәтижесі, Елбасының сарабдал саясатының арқасы деу орынды. Ал, еліміздегі болашаққа бағытталған бағдарламалардың берері мол екеніне сенім мол. Президент алға қойған да­мы­ған отыз елдің қатарына енуге деген алғышарт қазірдің өзінде жасалуда. Елу елдің қатарына белгіленген мер­зімнен анағұрлым ерте қадам басқан Қазақстанның бұл бағыттағы жоспарлары дәйектілігімен көңілге қонады. Аманғос Төлеуов, «Степное» ЖШС директоры Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы

Дамудың даңғыл жолы

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев­тың ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында сөй­леген сөзін теледидардан ұйым­даса тыңдадық. Елбасы өз сөзінде бұдан ширек ғасыр бұрынғы ауыр жағдайды еске алып, «қазіргі жас ұрпақ үшін бұл алыстағы тарих сияқты, олар­ға біз үнемі осылай өмір сүрген сияқтымыз», дегенді айтты. Бұдан 25 жыл бұрынғы кезең көз алдымызда – тоқыраған экономика, қысқартулар мен жұмыссыздық,  жайлы жер іздеп көшкен жерлестер, сөмке арқалап базар жағалаған аналар... мұның бәрі бүгінде ескінің ертегісіндей естілгенімен, бүгінгі аға буын бетпе-бет келген сол уақыттың шындығы болатын. Бірақ, бұл қиындық жанға жұмсақ тиді, бұл ауыртпалықтың дәмі ащы емес болатын. Себебі – сол кезең біздің халқымызды ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа жеткізді, бұл – азаттықтың алғашқы дәмі болатын. Қиындықты сезбеуіміздің бір себебі осы болса, екінші себебі – тағдыр бізге кемеңгер Елбасын тарту етті, мемлекетіміздің тізгіні сенімді қолда болды. Халық жақсы күнге сен­ді, жақсылыққа жұмылды. Асқақ рух­тың, жігер мен сенімнің нәтижесі, міне, 25 жылда молынан аңғарылды. Қазақстан – әлем таныған, даму жолын таңдаған және сол жолда еркін адымдаған мемлекетке айналды. Елбасы республика жұртшылығы алдында жасаған баяндамадан мем­лекетіміздің 25 жылдық ғұмыры – тәуелсіздіктің елең-алаң шағы мен одан бергі жүріп өткен жолдар, бү­гінгі биіктігіміз, келешектегі кел­бе­тіміз көрініс берді. Мемлекет басшысы өзін әрда­й­ым қолдап, тапсырмалары мен мін­деттерін бұлжытпай орындап, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шы­ғара білген отандастарына риза­шы­лығын білдірді. Қай елді болмасын тек татулық, ауызбірлік, өзара  ын­тымақ-ымыра ғана дамытады, сан ұлт­тың өкіліне ортақ бесік болған елі­міздің бірлігі бекем болсын деп тілеймін. Баяндамадан 2050 жылға қарай Қазақстанның қандай болатындығын біліп, мерейлене түстік. Қазақстанның жолы – Елбасы межелеген биіктік, Елбасы нұсқаған жол. Еліміз де, Елбасымыз да аман болып, даму даңғылымен алға аса берейік! Пәния САРМУРЗИНА, Маңғыстау облыстық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары  

Бүгінгі еңбегіміз – ертеңге инвестиция

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқын Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаған сөзі мемлекетіміздің келешегі үшін алаңдайтын әрбір жанның жүрегіне жетті деп ойлаймын. – Тәуелсіздіктің 25 жылы – біздің буынның уақыт өлшеміне сыймай­тын теңдессіз ерлік. Осы мерейтойлық жыл­да Қазақстанның Біріккен Ұлт­тар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі­не сай­ла­ну­ының символдық мәні бар. Пар­ламент қабылдаған Тәуелсіздік­тің 25 жылдығы декларация­сы біздің ұлы жетістіктеріміз бен жеңісіміз­ді айшық­таған маңызды сая­си-құқық­тық құжа­т­қа айналды, – деді Пре­зи­дент. Шынында да, егемен еліміз ширек ғасырда қол жеткізген жетістіктер ұшан-теңіз. Олардың бәрін тізіп жатуды газет беті көтермес. Біздің білетініміз, әлемдік маңдайалды са­рап­­­шылардың пікірінше, Қазақстан төрт­күл дүние­ге «экономикалық ға­жайыптың» керемет үлгісін көрсете білді. Жүз отыздан артық ұлт пен ұлыстың өкіл­дері тұратын елімізде бейбітшілік пен келісім басты құн­дылық саналып келеді. Қазақстан халқы ассамб­леясы барша отандас­тарымызды бір шаңырақтың астына біріктіріп отырғаны дүние жүзіне үлгі болатындай мысал. «Ең бастысы, кез келген адам «Мен – қазақстандықпын, бұл – менің елім, мен мұнда бақы­тым­ды таптым!» деп айта алатын әділ­етті қоғамды орнаттық», деді өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Әбішұлының қарқынды дамып келе жатқан жаңа елорда – Астананың құрылуын басты табыс­тарымыздың бірі ретінде атап өткені де әбден орынды. Елордамыз тағы бір ширек ғасыр мұғдарында Еуразия кеңістігінің қақ ортасындағы 3 миллион шамалы халқы бар мегаполиске айна­л­уы тиіс. Басқа қалаларымыз да соған қарап бой түзеп, ғылым мен технология салалары да қарыштай береді. Әлемдік тәжірибе солай. Автоматтандырылатын мемлекеттік қызметтердің баршасы электронды форматқа көшетін болады. Біздегі инженерлік, техникалық маман­дықтарға оқытатын жоғары оқу орындары да осы міндеттерді алға қоя білуі тиіс. Еліміз экономикалық жетістіктер арқасында халықтың әл-ауқатын сатылай тұрақты өсіріп келеді. Мемлекет бас­шысы осы бір салтанат үстінде де Үкіметке 2017 жылы зейнетақы мөл­шерін биылғы деңгейден 20 пайызға, сондай-ақ бала тууға байланысты бір жолғы мемлекеттік жәр­демақы мөлшерін де 2017 жылғы 1 шіл­деден бас­тап 20 пайызға ұлғайтуды тапсырды. Қазақстан Президенті еліміздің халықаралық аренадағы табыстарына ерекше назар аударды. – Жаңа елдің іргесін қалаған бүгінгі замандастардың ерен еңбегі уақыт өте келе, тіпті, мың жылдан кейін де ұрпақтарымызға Отанымызды одан әрі ілгерілету жолында демеу болып, септігін тигізе береді, – деді Мемлекет бас­шысы. Бізге жігер берген, ертеңіміз үшін ерен еңбектен аянбауға үндеген осы сөз. Тәуелсіздігіміз баянды, хал­қымыз бақуатты болсын! Арстан ҒАЗАЛИЕВ, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі ҚАРАҒАНДЫ

era_0350Бүкіл халық шаттанатын күн

Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі бүкіл халық шаттанатын күн ғой.  Астанадағы Елбасы  қатысқан  парасатты жиын да осындай ойдың  айғағы. Салтанатты жиында Елбасы айтқан әрбір сөз Отаным, елім, жерім деген әрбір қазақстандықтың  жүрегіне жетті деп ойлаймын. Кәсіпкерлер үшін арнап айтылған  қолдаулары әрқашан  бізді жетістіктерге жетелейді.  Мысалы, біз бүгінде озық технологияларды пайдалану арқылы бие сүтінен қымыз дайындау үшін, барлық жұмысты автоматтандырылған  жүйеге ауыстырдық. Шетелдік қондырғылар тәулігіне 1 тоннаға дейін, ал аптасына 5 тоннаға дейін қымыз өндіруге мүмкіндік береді. Еліміздегі  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының көмегімен несие алып, өндірісті дамыта бастадым. Әрине, мемлекеттің кәсіпкерлікті  қолдауынсыз  ешбір шаруашылық, кәсіпкерлік ісінің алға баспасы анық. Біз осы қолдауды,  демеуді  көріп келеміз.  Елбасы  кәсіпкерлерге, отандық тауар өндірушілерге үнемі қолдау көрсетеді. Елбасының Қазақстандағы бизнесмендердің мил­лионер әкелері болған жоқ, дегені де сол ғой, біздер әркім өзіміз өз еңбегімізбен осындай жарқын табыстарға қол жеткіздік. Жоқтан бар жасауға, елімізге  қызмет жасауға ұмтылдық. Қымыз өндірісін іске қосу жеке кәсіпкерліктегі негіз­гі стратегиялық мақсатыма айналды. Кім өз тауарын арзан, сапалы етіп өндіре алса, халықаралық саудада жолы болады. Қазір «Сағып» қожалығында  400 бие бар, олардың 180-і сауылады. Еңбектің зейнеті бейнетті еңбекпен келеді. Ет жемейтін, қымыз ішпейтін қазақ жоқ. Қазір қымыз өндіру цехтарында 30-ға жуық білікті маман еңбек етуде.  Полиэтилен құтыға қарағанда, қымыздың шыны шөлмекте жақсы сақталатынын мамандар да, тұтынушылар да жақсы біледі.  Республикалық «Алтын сапа» байқауында жүлдегер атандық. Шаруашылық құрылған күннен бастап-ақ қымызды ТМД елдері мен Еуропаға экспорттау мақсатында жұмыс басталды.  Белокурихадағы емдеу-сауықтыру орнынан шипалы сусынды жеткізіп тұру жөнінде ұсыныс түсіпті. Шаруашылықта қазы-қарта, шұжық, құрт, қоспа, сүзбе, қаймақ жасалды. Ферма аумағында қасапханасы да бар. Цех мамандары ет пен сүт өнімдерінен қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлейді. Ұлттық бренд ретінде  ТМД және Еуропа елдері нарығына шығаруды жоспарлап отырмыз.   Әрине, әлемдік сауданың еркін нарығына қосылу, оған ілесіп кету кәсіпкерлерге үлкен талап, міндеттер жүктейді. Осы орайда Президент қазіргі кезде мұндай адамдар елімізде өмір сүріп жатқандықтан Қазақстан өзінің күш-қуатына сенімді екенін атап өтті. «Мемлекеттің саясатын пайдаланып, дәулетін арттырып, ауқатты болғаны өте жақсы. Ал енді сол кезде халыққа бет бұрып, елге көмектескені үшін барша іс адамдарына алғыс білдіремін», дегені, әрине, біздерге сенім білдіргені. Ол сөз  кәсіпкерлерді  шыңдай түседі. Төлеу ҚҰШМАНОВА, «Сағып» шаруа қожалығының басшысы  Павлодар облысы

«Балдәурен» патриотизмге баулиды

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев мере­ке­­лік құттықтауында қоғамның тарихи қыс­қа мерзімде қарыштап дамығанын, бейбітшілік пен келісімнің бірегей моделінің қалыптасқанын жүйелеп көрсетті. «Жалпы халықтың қалауымен құрылған Халық ассамблеясы барлық ұлтты қанатының астына алып, басын біріктіре білді. Ең бастысы, кез келген адам «Мен – қазақстан­дықпын, бұл – менің елім, мен мұнда бақытымды таптым!» деп айта алатын әділетті қоғамды орнаттық», – деді Қазақстан Президенті. Бұл «Балалар арманының аралы» атанып кеткен Қазақстан Артегіне де қатысты айтылған баға деп санаймыз. Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей бас­тамасымен бой көтерген шаттық мекені тәуелсіз мемлекетіміздің бүлдіршіндерге жасаған баға жетпес базарлығы десек жарасады. Бүгінгі күні «Балдәурен» ТМД елдері мен Орталық Азия аймағындағы балалардың демалысын ұйымдастыру, сауықтыру және жасөспірімдердің шы­­­­­­- ғар­­машылық қа­бі­­­ле­тін дамытуға қа­­жетті бар­лық жағ­дайды жа­саған бір­ден-бір мекеме сана­лады. Жыл бойы үз­дік­сіз қызмет атқа­ра­тын орталық әр ауысы­м­­- да 300 баланы қа­был­дайды. Жалпы, он алты тақырыптық ауысымда еліміздің 4608 жасөспірімі мем­лекеттік тапсырыс шеңберіндегі клас­терлік тәрбие жүйесінен өтеді. Мұнда ба­лалардың толыққанды демалысын ұйым­­дастыру, олардың бойында білім мен креативті ойлау қабілеттерімен қоса, әлеуметтік жауапкершілік, патриот­тық сезім, азаматтық және адам­гер­ші­лік ұс­та­ным­дарын қалып­тас­тыру қарас­ты­рыл­ған. Президенттің болашаққа бағытталған мін­деттерінде жастар тәрбиесіне үлкен ма­ңыз артылады. Орталығымызда жауапты іспен 82 педагог айналысады. Соң­ғы жылдары бізде отыздан астам оқу-әдістемелік құрал дайындалғаны мұ­ғалімдер біліктілігінің жоғары екен­дігін айғақтайды. «Балдәурен» мек­тебіндегі мұғалім – ақпараттық-ком­мун­икативтік, пәндік-модульдік оқыту тех­нологияларын жетік меңгерген, уа­қытпен санаспайтын тәрбиеші, әмбебап ұйым­дастырушы-ұстаз. Ал кітапхананың бай қоры білім көкжиегін кеңіте түсетіні бел­гілі. «Балдәуренді» заманауи ғылыми орда қатарына қосатын шаралар тізбегі де сан алуан. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бал­дәу­ренге» арнайы келіп, «Достықтың ал­­тын көпірі» атты тақырыптық ашық са­бақ­қа қатысуы ертеңгі болашағымызға, орта­лықтың қызметіне ерекше көңіл бөлетінінің айғағы. Болашаққа қызмет ететін орталықтың ұжымы Елбасының: «…Біздің жас мем­лекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біз­дің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ержетеді. Олар өз ұрпағының жау­апты да жігерлі, білім өресі биік, ден­­саулығы мықты өкілдері болады. Олар ба­баларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағ­дайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, гүлденген, жылдам өркендеу үс­тіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», деген сөздерін ту етіп, асқақ ұстайды. Мұхитдин ТӨЛЕПБАЙ, республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры Ақмола облысы, Бурабай ауданы

Сенім нығая түсті

Ілияс Жансүгіров атын­дағы Жетісу мем­лекеттік универ­си­те­ті­нің оқытушы-про­фессорлық құ­ра­мы мен студенттері Мем­лекет бас­шысының ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жасаған баян­дамасын тың­дап, онда айтылған мә­селелерге қызу қолдау білдірді. Елбасының осы күнге дейін жеткен жетістіктеріміздің бәріне ұлан-ғайыр қазақ даласындағы әрбір өңірдің айрықша үлес қосқанын атап өткенін жетісулықтар да қуана құптап, разы болды. Шет ел сарапшыларының Қазақстан жайлы айтқан пікірлерінен үзінді келтіре отырып, экономикамыздың қарқынды дамығанын, соның арқасында бүгінде әлемнің 119 еліне 2000-нан астам өнім түрін экспорттап отырғанымызды баса айтты. Әрине, бұл еліміз тәуелсіздік алып, егемен ел болған жылдарда жүргізілген жүйелі жұмыстардың жемісі. Әсіресе, зейнетақы мен бала туылғанда берілетін бір реттік жәрдемақының 20 пайызға өсетіні халықтың құлағына жылы тиді. Мемлекет басшысы біздің еліміздегі, жалпы әлемдік экономикадағы ең үлкен жаңалық – осы 50 жылдың ішінде «Қашаған» кен орнының табылуын атап өткенін әлем экономистері де құптап отырғаны анық. Бұл кен орны қазіргі таңда әлемдік экономикада өз орнын алып әрі ықпалын да тигізіп отырғаны мәлім. Бұл құндылық бір менің ғана емес, оқу орнындағы ұстаздар мен студенттердің де көңілдеріндегі көп ойды дөп басқаны анық аңғарылады. Ой елегінен өткізіп, екшей білсек, бұл бағалау – заңды құбылыс. Себебі, экономикада қара алтынның алатын орны ерекше. Мемлекет басшысы зейнетақыны, әлеуметтік төлемдердің пайызын көбейткені де үлкен жетістік деп ойлаймын. Экология, саясат, Тәуелсіздік жеткіз­ген еліміздің деңгейі, мәдениетіміз, әдебиет­іміз, шет елдермен байланыстарымыз барлық жағынан 7 тұғырнама бойынша жақсы айтылды. Біздің ғана емес барша қазақстандықтардың көңілінен шыққан баяндамада Елбасының келешек туралы ойлары өте жақсы болды. Салиқалы ой жастардың ғана емес орта, аға буын өкілдерінің жанарларын ұшқындата, үміттерін үкілеткендей әсер берді. Қорыта айтқанда, мұның барлығы елдің ертеңгі күнге деген сенімдерін бекітіп,   тек жақсылыққа ұмтылтқанын баса айтқанымыз дұрыс. Қуат Баймырзаев, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, география ғылымының докторы, профессор Алматы облысы

Кәсіпкерлерге күш-қуат берді

Еліміздің тәуелсіздік алуымен эконо­ми­каның жаңа бір саласы қанат жайды. Бұл – шағын және орта кәсіпкерлік. Алайда, бастапқыда кәсіпкерлердің бәрі де өз істерін ашу үшін банктерден несие алатыны даусыз. Өйткені, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, бірде- бір кәсіпкердің мұраға мүлік не қаржы­лық капитал қалдыратындай миллионер әкелері болған жоқ. Дегенмен, ел кәсіпкерлері үнемі Нұрсұлтан Әбішұлына арқа сүйеді. Ал Елбасы кәсіп ашуға ниет еткен кез келген кәсіпкерді қолтығынан демеді. Мемлекеттің тарапынан қолда­- у­ын көрсетті. Кәсіпкерлердің алған несие­лерінің бір бөлігіне мемлекеттік субсидия бергізді. Салықтық жеңілдіктер жасалды. Осының бәрі елімізде ісін шағын кәсіптен бастаған кәсіпкерлердің ірі кәсіпорындар ашып, бірнеше жүз адамды жұмыспен қамтуына жол ашты. – Бүгінде қалыптасқан бизнес­мен­деріміз өз күшімен суырылып шықты. Өзінің еңбегімен іскерлігін және елдің болашағын құрған еңбекқор адамдар реформалардың құндылығын арттыр­ғанын үнемі айтып жүрмін, – деді Елбасы. Бұл күндері мемлекеттің қолдауын, Елбасының қамқорлығын сезінген кәсіпкерлер де елге қайырымдылық іс жасауға, көмек көрсетуге бет бұрды. Өзге өңірлер секілді Атырауда да өз ауылдарында балабақша, спорттық залдарын тұрғызуға қалталарынан қаржы шығарып, демеушілік танытып жүрген кәсіпкерлер қата­ры молая түсуде. Тіпті кей кәсіп­керлер мұқ­таж жан­дарға тұр­ғын үйлер салып беруде. Мұ­ның се­бе­бін олар «Кәсібімізді бастаған кез­де мем­ле­кеттің қолдауын сезіндік. Елба­сының қам­қорлығымен кәсібімізді өр­кен­деттік. Енді біз де халықтың әл-ауқаты жақсаруына үлесімізді қосуымыз қажет», деп түсіндіреді. Жақында Атыраудағы іскер әйелдер кеңесі С.Қазыбаев атындағы мектеп-интернатының 25 тәрбиеленушісін өз қамқорлығына алды. Мұндағы мақсат – ата-ана қамқорлығына зәру балалардың интеллектуалды дамуына, спортпен айналысуына қолдау білдіру, өз бетінше өмір сүруіне бейімдеу. Осынау ізгі мақсатты көздеген қайырымдылық қадамды іске асыру үшін облыстық білім басқармасының, сондай-ақ, мектеп-интернаттың басшыларымен ынтымақтастық меморандумы жасалды. Ел кәсіпкерлерінің осындай ізгілікті істері алдағы уақытта да жалғасарына сенемін. Өйткені, бастапқыда шағын және орта кәсіпкерліктен бастап, бүгінде ірі өндіріс орындарына иелік ететін кәсіпкерлер елдегі реформалардың жемісті боларына риясыз сенеді. Кәсіпкерлер өздеріне кәсіп ашуға күш-қуат берген Нұрсұлтан Әбішұлына тірек болуды көздейді. Өйткені, Елбасы тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін, халқы үшін қиын істерді атқаруға тәуекелдік танытты. Қазақстанымызды әлемге паш етті. Елдің экономикасын өркендетті. Халықтың тұрмысын жақсартты. Кәсіпкерлер буынын өсірді. Бәсекеге қабілетті отандық мамандар шоғырын қалыптастырды. Мұның бәрі мерейімізді өсіреді, отаншылдық рухымызды биіктетті. Әлия БЕКҚОЖИЕВА, Атырау облыстық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағының төрайымы, облыстық мәслихат депутаты

Тәуелсіздікке әр құймамызбен үлес қостық

Елордамыз­да өткен маңызды жиынды Өскемен титан-магний комбинатының цех басшылары мен үздік еңбек бригадалары­ның жетекші­лері бастаған еңбек ұжымы да көрді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мереке­сіне арналған салтанатты жиында әр отан­дасымыздың жүрегіне жететін жетелі сөз айтты. Әсіресе, Тәуелсіздікті тұғырлы етуге қосқан өңірлердің үлесін ерекше атап өтке­ні көңілімізді толқытты. Соның ішінде же­рінің үсті де, асты да қазба байлыққа толы Кенді Алтайдың аталуы бекер емес. Барша қазақстандықтармен бірге біз – Өскемен титан-магний комбинатының еңбек ұжымы, Тәуелсіздіктің 25 жылында еліміздің эко­номикасын нығайтуға, әлеуметін әлеуеттендіруге әр қорытпамызбен, әр құймамызбен өз үлесімізді қостық. Бұл – біз үшін зор мақтаныш! Өйткені, Елбасы айтқандай, еркін еліміздің шаңырағын көтерісуге, іргесін бекітуге нәтижелі еңбекпен қатысудың жөні бөлек. Елбасы 25 жылды еңсерген қазақ­стан­дықтар үшін енді жаңа 25 жыл­дық бас­талғанын айтты. Қазақстанның Тә­у­­ел­сіздігіне 50 жыл толғандағы кемел мемлекеттің бейнесін суреттеді. Оған негіз жоқ емес. Алдағы жылдарда елі­міз­дің экономикалық өсім бойынша әлем­нің жетекші елдерінің қатарына қо­сы­лу мүмкіндігі бар. Бұл бар­ша­мыздың жүрегімізге сенім ұялатады. Сал­танатты жиында Өскемен титан-магний ком­бинатының басшысы Әсем Мамутованың сөз сөйлеуі біздің жылдар бойы атқарған жұ­мысымыздың жемісті нәтижесі, оның мем­лекет тарапынан бағалануы деп білеміз. Әрине, Президент сөздерінен пайым­да­ған, түйген ойымыз көп. Бұл жаңа тұрпатты мемлекеттің әр азаматына күш-жігер береді. Біз осы ширек ғасырдағы даму қарқынын әрі қарай үдете беруіміз, елімізді әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу жолында аянбай тер төгуіміз керек. Ұлық мерекеміз құтты болсын! Алға, Қазақстан! Қайрат АБДРАХМАНОВ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ №12 цехының бастығы. Шығыс Қазақстан облысы  

Елді қуанышқа бөледі

Шынында, бүгінгі бейбіт те берекелі өмірімізге халқымыз ауызбіршілікті сақтаудың арқа­сында қол жеткізді. Ал ширек ғасырдағы ел жетістіктері – Тұң­ғыш Президентіміз, пар­тия жетекшісі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал сая­саты­ның жемісі. Мемлекет бас­шысы Қазақстан халқын Тә­у­ел­сіздік мерейтойымен құт­тық­­таған салтанатты жиында осы жылдардағы басты жетістіктерге тоқ­талып, «Біз бейбіт­шілік пен келісімнің біре­гей моделін қалыптастырдық. Ең бастысы, кез келген адам «Мен – қазақ­стан­дықпын, бұл – менің елім, мен мұнда ба­қытымды таптым!» деп айта алатын әді­летті қоғамды орнаттық», деп өте орынды айтты. Тәуелсіздік жылдарында еліміз талай бағалы бастамаларды жүзеге асырды. Елдің үлкен сеніміне ие болған «Нұр Отан» партиясы да түйткілді мәселелерге жол ашып, қоғамдағы көптеген проблемалардың шешімін табуға тікелей араласып, қарапайым тұрғындарға жақындай түсті. Елбасы төрағалық ететін партияның көшбасшылығы айқын сезіле бастады. Бүгінде бір ғана Жамбыл өңіріндегі бас­тауыш партия ұйымдарының саны 401-ге жетуі – осы сөзіміздің дәлелі. Осыдан-ақ облыс тұрғындарының «Нұр Отан» партиясына деген сенімінің жоғары екенін байқауға болады. Енді, міне, Мемлекет басшысы Үкіметке әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру барысында 2017 жылы зейнетақы мөлшерін биылғы деңгейден 20 пайызға, сондай-ақ бала тууға байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін де 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 20 пайызға ұлғайтуды тапсырып, ұлы мереке алдында елді үлкен қуанышқа бөледі. Біз, нұротандықтар, Елбасы саясатын іске асыруда оның сенімді серігі екенімізді мақтан тұтамыз. Қазақстанның экономикалық дамуына, азаматтардың әл-ауқатының бұдан әрі өсуіне өз үлесімізді қосамыз. Біздің елді одан әрі демократияландыру үшін құқықтық негізді қалыптастыру бағытында үлкен жұмыс күтіп тұр. Лайым, ел Тәуелсіздігінің мерекесі еліміздің әрбір тұрғынына, әрбір отбасына амандық-саулық, бақ-береке, жақсылық сыйласын. Масат БЕРІК, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Жетістігі мол жылдар

Астана қаласындағы Тәу­ел­сіздік сарайында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Тәуел­сіз­діктің 25 жылдығына арналған сал­танатты шара болып өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жина­л­ған мемлекетіміздің дамуына, тәуел­сіз­дігіміздің нығаюына зор үлесін қо­сып жүрген азаматтар қатысты. Оны республикалық телеарналар ті­келей эфир арқылы халыққа таратты. Салтанатты шарада Елбасы өткенімізге көз жүргіртіп, қазіргі жеткен жетістіктерімізді саралады. Онда келелі мәселелер де айтылды. Мәселен, Президент Н.Назарбаев Үкіметке алдағы жылдан бастап  зейнет­ақы мөлшерін 20 пайызға өсіруді тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы тәуелсіздігіміздің баянды болуына үлес қосып келе жатқан еліміздің әрбір аймағына жеке-жеке тоқталып, алғысын білдірді. Мұның бәрі де тәуелсіздіктің қастерлі ұғым екенін аңғартса керек. Бастысы, салтанатты жиында еліміз тәуелсіздік алған тұстағы қиын кезеңдер артта қалып, қазір дамудың даңғыл жолына түскен мықты мемлекетті көре алатынымызды тағы бір дәлелдеді. Сондай-ақ, Елбасы қазақ тілінің өрісі кеңейіп келе жатқанын жеткізді. «Біз қасиетті қазақ тілі мен ұлт­тық мәдениетіміздің жаһандық гуманитарлық кеңістікке еркін енуін қамтамасыз еттік. Өздеріңіз көріп, есті­діңіздер, қазақтың тілі БҰҰ Бас Ассамблеясының төрінен естілді. Ол ға­рыш­тан да естілді. Бүгінде интернеттің де тілі болып отыр», деді Президент. Ел болашағы қазақ тілімен тікелей байланыс­ты. Сонымен бірге, тәуелсіздікке дейін Алматының өзінде бір ғана қазақ мектебі болғанын, алайда 25 жылдан кейін елімізде қазақ тілінде білім беретін 1 мыңнан астам мектеп ашылғанын атады. Елімізде студенттердің 60 пайызы мемлекеттік тілде білім алып жатқаны да зор қуаныш. Елбасы қазақ тілінің бірнеше мемлекеттерде, атап айтар болсақ, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Оң­түстік Корея, Мажарстан, Польша, Әзер­­бай­жан, Армения сияқты елдердің уни­­­вер­ситеттерінде оқытылып жүргенін айт­ты. Жалпы, салтанатты жиыннан алған әсеріміз зор. Тәуелсіздіктің 25 жылды­ғында жеткен жетістіктер толағай. Елбасының сарабдал саясатының арқасында әлі де талай белестерге шыға­ты­нымыз айқын. Қылышбай БИСЕНОВ, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры