20 Желтоқсан, 2016

Тегін кәсіптік білімнің тетіктері

163 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Орталық коммуникациялар қызметінде келесі жылдан бас­тап «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасын енгізу бойын­ша баспасөз мәслихаты өтті. Оған Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-коммуникацияларды мемлекеттік тілде дамыту департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев және басқалар қатысты. Брифингке қатысушылар нә­тижелі жұмыспен қамту және «Ең­бек» бағдарламасы аясында тегін кәсіптік-техникалық білімді енгізудің тетігі туралы  мәлімет берді. Вице-министр Бибігүл Асы­лованың айтуынша, аталған бағыт бойынша техникалық жә­не кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау жә­не қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шаралары қа­ра­с­ты­рылған. Осының нәтижесінде 2017-2021 жыл­­дар аралығында кәсіптік даярлау мен оқы­ту­мен барлығы 671,5 мың адам қамтылады. – Бірінші қолдау шарасы тех­ни­калық, ауыл­ша­­руашылық, техно­логиялық, сервис және қызмет көр­сету саласындағы мамандықтар бойынша жұ­мыс­шы кадрларын даярлауды көздейді. 2017 жыл мен 2021 жыл арасында даярлаумен 471,5 мың адам қамтылады. Оның ішінде республикалық бюд­жет қаражаттары есебінен – жыл сайын 106,5 мың адам, жергілікті бюджет есебінен жыл сайын 365,0 мың адам  оқытылды, – деді ол. Сонымен бірге оның айтуынша, жаңа бағ­дар­­лама бойынша 9-11 сынып түлектері, аз қам­тыл­ған отбасылардан шыққан біліктілігі жоқ жас­­тар білім алатын болады. Осы бағдарлама шең­берінде үміткерлердің тізімін қалыптастыруға жә­не іздестіруге ықпал ететін жергілікті білім бе­­­ру және жұмыспен қамту органдарын, поли­ция қызметтерін тарта отырып, әрбір елді ме­­кенде әкім­­діктер жанындағы мобильді топтар құ­ры­ла­тын­ бо­лады. Екінші қолдау шарасы дуалды негізде 1-ден 6 айға дейін қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға ар­на­ла­ды. Осы жоба бойынша жұмыспен қамту орта­лықтары тікелей әлеует­ті қатысушылардың құ­ра­мын қалыптастырады және тізімдерді аудандық (қа­лалық) комиссияларға жібереді. Оқыту колледждерде, оқу орта­лықтарында, әскери-техникалық мектептерде өтеді. Азаматтар мем­лекеттік қолдаумен шәкіртақы төлеумен қам­та­масыз етілетін болады және сырттан келген тұл­ға­ларға жол жүруге және тұруға қосымша төлем ақы қарастырылған. Шалғай елді мекендерде тұратын азаматтар да мобильді оқыту орта­лықтарында білім алу ар­қылы тегін мамандықты меңгере алады. Іске асыру серпінді режімде Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жүргізілетін болады. Брифингте «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер па­­латасы бизнес-коммуникацияларды мем­ле­кет­­­тік тілде дамыту департаментінің дирек­то­ры Б.Оразғалиев жаппай кәсіпкерлік бағ­дар­ла­ма­­сының екінші бағыты аясында «Бизнес бас­тау» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздері оқы­ты­латынын айтты. Кәсіпкерлікке оқытылған аза­мат­тардың өз жұ­мысын ашуға мүмкіндігі болады. Олар өз ісін бастау үшін  микрокредит те ала ала­ды. Бағдарламаны іске асырған жағдайда жұмыс­сыз­дық деңгейі 4,8 пайызға және  біліктіліксіз жұмыс күшінің үлесі 20 пайызға төмендейді. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»