20 Желтоқсан, 2016

Қостанайда басқарма басшысы тағайындалды

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қостанай облысы әкімдігіндегі жаңа тағайындау болды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Облыс әкімінің 2016 жылдың 7 желтоқсандағы өкімімен Шайымов Мұрат Амантайұлы арнайы тексеріс қорытындысын алғанға дейін Қостанай облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ол 1973 жылы Ақмола облысында туған. Ұлты - қазақ. Жоғары білімді, 1995 жылы Нижегород жоғары әскери тыл училищесін инженер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. 1991 жылдың тамыз айынан 2009 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет атқарды. 2009 жылдың ақпанынан мамыр айына дейін «Астана медицина университеті» АҚ материалдық қамтамасыз ету директоры ретінде жұмыс істеді. 2010 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың маусым айына дейін Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасында учаске басшысы лауазымын атқарды. 2013 жылдың маусымынан 2014 жылдың желтоқсан айына дейін «CTKLF» ЖШС директоры болса, 2014 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың желтоқсанына дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті басшысының орынбасары ретінде еңбек етті.