20 Желтоқсан, 2016

Ұлттық арна жаңалықтарының басшысы тағайындалды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Қазақстан» телеарнасы жаңалықтарының басшысы қызметіне Ерлан Атамбай тағайындалды. Бұл туралы бүгін фейсбуктегі парақшасы арқылы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев хабарлады. «Сіздермен бөлісетін тағы бір жаңалығымыз бар. «Қазақстан» телеарнасы жаңалықтарының басшысын тағайындадым. Біздің ұжымға белгiлi маман, «31 арна», «Астана», «Евразия» арналарында қызмет еткен Ерлан Атамбай қосылды. Ерланды жаңалықтар шығарудың қыр-сырын жетік меңгерген маман деп білемін, үлкен сенім артамын. «Қазақстан» жаңалықтары одан да оперативті жұмыс істейтін, нағыз жаңалық жаршысына айналсын!» –  деді Ойшыбаев.
Соңғы жаңалықтар

Тұрғындар түйткілін кім шешеді?

Аймақтар • Бүгін, 08:20

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10

Стратегиялық таңдау

Референдум • Бүгін, 08:07

Ұлттық кино жауһарлары

Көрме • Бүгін, 08:00