20 Желтоқсан, 2016

Келесі жылдан бастап 45 мемлекет үшін визасыз режім енгізіледі

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов келесі жылдан бастап 45 мемлекет үшін визасыз режімнің ашылатынын жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат. «2017 жылы қаңтар айынан бастап инвестициялық әлеуеті жоғары әрі экономикалық жағынан дамыған 45 мемлекет үшін визасыз режім ашылады. Осы елдердің азаматтары 30 күні бойы Қазақстанда емін-еркін жүре алады», – деді Е.Ыдырысов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, визасыз режімге іліккен мемлекеттердің ішінде Австрия, АҚШ, Грекия, Испания, Швеция, Канада, Финляндия, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония, Португалия, Венгрия, Кипр, Бельгия, Сингапур, Монако, Иордания, Малайзия, сондай-ақ ЕҚЫҰ, Еуропалық одақ пен Орталық Азия елдері бар. «Сонымен қатар, 48 мемлекеттен тұратын тағы бір тізім бар. Ол бөлек, 45 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады. Дегенмен, бәрі де тіркеуден өтеді. Ал 48 мемлекеттен тұратындар үшін виза алудың жеңілдетілген шарттары қарастырылған. Олар визаны шақыртусыз ала алады», – деді министр.