21 Желтоқсан, 2016

Қытай әншісі әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналуы мүмкін

562 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
_92798577_gettyimages-478933564-copy Британдық ВВС News әлемдік деңгейдегі эстрада жұлдызы болуы мүмкін Қытай әншісі туралы көлемді мақала жариялады. Джейн Чжан - Қытайдың мега жұлдызы, ал соңғы әні оған Қытайдан шыққан бірінші әлемдік супержұлдыз болуға мүмкіндік береді, деп жазады басылым. Мақала авторының хабарлауы бойынша, Джейн Чжан ең алғаш 2005 жылы Қытай телеарналарының бірінде өткен Super Girl ән байқауында екінші орын алып, үлкен сахнаға аяқ басқан. Ол өзінің вокалдық диапазонымен көпшілікті таңғалдырып, "Нота дельфині" деп аталып кетті. Ал Қытай елінде бұл сленг жоғары ноталарды ала алатындарға қатысты айтылады екен. Бұл әншінің халықаралық деңгейде танылуына мүмкіндігі мол. Себебі ол ағылшын тілінде әндер жаздырады. Бір кездері Опра Уинфридің шоуына да қатысқан екен. 4757 Чжанның  "Dust My Shoulders Off" атты соңғы әні оған әлемдік деңгейдегі танымалдылыққа қол жеткізуге септігін тигізе алады. Сонымен қатар Джейн Чжан келесі жылы сәуірде ағылшын тіліндегі алғашқы альбомын да жарыққа шығармақ. Сол кезде де бұл тректің маңызды рөл ойнайтыны сөзсіз. Себебі қазір бұл әннің бейнеклипі YouTube видеохостингінде  6,5 миллионға жуық қаралып, ITunes диаграммасында алғашқы бестікке кірген. Төмендегі бейнеклипте әнші танымал өнер туындыларына пародия жасайды. "Мен қытай әншісімін. Бірақ бұл ән ағылшын тілді аудиторияға арналған. Ал видеоны әртүрлі мәдениет өкілдері түсінетін мазмұнда түсіру керек болды", дейді Чжан ВВС-ге берген сұхбатында. Оның айтуынша, бұл видео 48 сағаттың ішінде түсірілген. "Түсірілім кезінде маған қайта-қайта боянуға тура келді. Әрине, макияжды кетіру қиын. Біз түсірілімді бітірген кезде менің бетім ісіп кетті", - дейді әнші. Бірақ бұл видео қытайлықтар тарапынан сынға ұшырағанын дай айта кету керек. Соған байланысты бейнебаян режиссері тайваньдық Ляо Джен Шуай "Жұлдыздар музыкалық клиптерде би билеп, әдемі, тартымды болғанының сөкеттігі жоқ", дейді. "Мен оған көрермендер сені көріп, өздерін естеріне алуы керек. Оларға сенің ержүрек әнші екеніңді, жаңашылдыққа бара алатыныңды көрсеткім келеді деп айттым. Себебі америкалық нарыққа шығу үшін мұның маңызы зор", дейді ол. 2c28cc0bc927c5ee66768e96b9e67f8c Көптеген мамандар бұл жағдай қытайлықтардың да батыс музыка индустриясына кіретін уақыты жеткенін көрсетеді ме деген сұрақ төңірегінде пікірталастар өрбітіп жүр. "Халықаралық сарапшыларға әсер ету өте қиын. Бұл тарихи қалыптасқан жағдай", дейді музыка индустриясындағы Мидия медиа-консалтингтік фирма сарапшысы Марк Маллиган. Оның айтуынша, бұл музыка ағыны халықаралық әртістерге жол ашты. Тіпті, кейбір ағылшын тілінде ән салатын швед музыканттарына да сәттілік әкелді. Бірақ оның екінші жағы да бар. "Бұл америкалық стильге ұқсайды", деп қосты ол. Ал Чжанның көптеген әндері баллада, яғни эмоциялық қойылымдарға көптеп келеді. _92798569_gettyimages-600113206 Қытайдағы EMI халықаралық компанияның вице-президенті Джоанна Хуан әр әнші өзінің ерекше қасиеттерімен танылуы керек деп есептейтінін айтыпты. "Батыс жұлдыздарынан көшіріп алу міндет емес", дейді ол. Оның айтуынша, Азияның дыбыс жазу компаниялары халықаралық нарыққа шығуға талай рет талпынған, ағылшын тілінде альбомдар да шығарған. Бірақ оның тиімділігі аз болыпты. Ол үшін Джоанна ерекше мәдени элементтерді музыкаға қосу керек деп есептейді. Мысал ретінде маман үш қыздан тұратын Babymetal жапон триосын келтірген. "Бұл топ өздерінің музыка нарығына арнап ән жазса да, батыс аудиториясы оларды жақсы қабылдады", - дейді ол. _92798573_gettyimages-519177296 Осы ретте музыкалық индустрия инсайдерлері Чжанға дәл қазір дұрыс стратегия таңдау керек деп отыр. "Қытай әншілері батыс аудиториясын бағындыруы үшін телеарналарға шығып, заманауи мүмкіндіктерді пайдаланып, интернет қосымшаларды да қолданғаны жөн", дейді Маллиган. Ал Хуан Қытай технологиясының даму мүмкіндіктерін ескере отырып, көңіл көтеру саласы мен болашақ фильмдерге ән жазу да танымалдылыққа жол ашады деп есептейді. Бір айта кетерлігі, Чжан The Great Wall блокбастерінің жарнама әнін орындайды екен. _92798781_ap_209371908910-1Осы мәселеге қатысты пікір білдірген көптеген сарапшылар Қытайда шығарылатын технологияларға міндетті түрде сол елдің әншілерінің тректерін енгізу керек деп есептейді. Ал Джоанна Хуан "Соңғы жүз жылда қытай тілінде ән салатын әншілерде әлемдік музыка нарығына шығуға мүмкіндіктер болған жоқ", деп отыр.