Алматыда өткен кездесуде бауырлас екі халықтың, тағдырлас екі қаланың атынан сөз сөйлеген шаһар басшылары тарихи байланыстардың екі арада бұған дейін де ешқашан үзілмегенін тілге тиек етті. Оның айқын куәсі – қазіргі таңда Алматыда 129 біріккен, 236 өзбек кәсіпорындары қарқынды жұмыс істеп келеді.
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда арадағы тауар айналымы 62 пайызға өсіп, 200 милион АҚШ долларын құрағанын да еске салуды ұмытпады. Бизнес пен жеке капиталдың негізгі бөлігі, банктердің бас кеңселерінің 90 пайызы осы Алматыда орналасқанын алға тарта сөйлеген әкім мұнда «келем деуші» барша инвесторларға есіктің айқара ашық екенін, сондай-ақ өздерін Ташкент пен жалпы Өзбекстанның туристік кластерінің дамуы қызықтырып отырғанын айтып өтті.
Өз кезегінде Ташкент қаласының хәкімі Рахмонбек Усманов бұл сапарында, әсіресе Алматының «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік жобасына ерекше назар аудара келгенін жария етті.
«Біздің Ташкент үшін бұл жоба өте көкейтесті мәселе екенін айтар едім. Сондықтан да біз болашақта осы бағдарламаның іс-тетіктерін өзіміздің тәжірибемізде пайдалансақ деген ниеттеміз», – деді Рахмонбек Усманов.
Кездесу барысында Алматыда өтетін 28-ші Әлемдік Қысқы «Универсиада-2017» ойындарына өзбек спортшыларының да қатысатындықтары мәлім болды.
Талғат СҮЙІНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
• 22 Желтоқсан, 2016
Бауыржан Бәйбек Ташкент қаласының әкімімен кездесті

Олжас Бектенов: Шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу ісінде кемшіліктер бар
Үкімет • Бүгін, 13:57
«Қазсушар» филиалдарына 130 жаңа мотоцикл берілді
Қоғам • Бүгін, 13:31
«Келешек мектептері»: Елімізде 217 заманауи білім ошағы ашылды
Білім • Бүгін, 13:18
Премьер-министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды
Логистика • Бүгін, 13:01
Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Елімізде қар жауып, күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 12:42
Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:30
«Таза Қазақстан»: Орманшылар оқушылармен бірге ағаш екті
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:20
Атырауда дарынды балаларға арналған спорт мектебі салынып жатыр
Спорт • Бүгін, 12:12
Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт: Зардап шеккен әйелдің жағдайы қалай?
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қажылық сапары: Ел азаматтары үшін қауіпсіз әуе бағыттары ұйымдастырылады
Қоғам • Бүгін, 11:48
Еркін күрес шеберлері Бішкекте қос қоланы қанағат тұтты
Спорт • Бүгін, 11:36
Ғарифолла Әнестің 6 кітабы таныстырылды
Әдебиет • Бүгін, 11:13
Мемлекет басшысы Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 11:03