22 Желтоқсан, 2016

Атыраулық шопан 700 бас қойын қасқырдан аман алып қалды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оқиға 15 желтоқсан күні сағат таңғы алтыда Құрманғазы ауданының Мақаш ауылында болған, деп жазады atpress.kz. Мақаш өндірістік кооперативі «Сардар баба» фермасының аға шопаны Әнуар Құбаев қорасына келген түз тағысын айырмен түйреп, көзін жойған. «Ит үрген соң ұшып тұрдым. Бір қасқыр қорадан ішке қарай секіріп бара жатыр екен. Мен де жетіп барып, аула есігінің алдындағы айырды ұстап, қораға қарай жүгірдім. Қасқыр да мені байқап қалып, маған қарай секірді. Сол кезде қасқырдың тістері қолыма қадалғанын сездім. Қасқырды бар пәрменіммен итеріп шегінген кезде екінші қолымдағы айырды мойын тұсына шаншып қалдым. Бірақ, ол қайтадан тұруға талпынды, тұмсықтан жақсы етіп екі-үш рет беріп жібердім», – дейді шопан. Осылайша шопан қорадағы 700-ге жуық қойын қасқырдан аман алып қалды.