22 Желтоқсан, 2016

Бұқар жырау ауданындағы балабақша өмірі

627 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
unnamed-3 1999 жылы еліміздегі мектеп жасына дейінгі балалардың 10,2 пайызы ғана балабақшаға барса, Елбасы тапсырмасымен қолға алынған бағдарламалар нәтижесінде балабақшамен қамтылған балалардың үлесі соңғы 6 жылда 8 есе өсіп, бүгінде 81,6 пайызға жетті. 2010 жылы іске қосылып, мектепке дейінгі білім беру ісіне жаңаша серпін бітірген «Балапан» бағдарламасының алғашқы қарлығаштарының бірі Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Доскей ауылындағы «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы. Қарағанды облыстық үш тілділік «Жол картасына» ауданымыз бойынша енген жалғыз балабақша да бүгінде тәрбиеленушілер мен бірге тәрбиешілер де орыс, қазақ, ағылшын тілдерін меңгеріп, тіл сабақтарын тереңдетіп оқиды. unnamed-1 - Білім беру стандарттары бойынша біздің балабақша бүлдіршіндерді бірінші сыныпқа емес, даярлық сыныптарына дайындайтынын ескерсек, олар ағылшын тіліндегі әріптердің айтылуын, санауды үйренеді, яғни үш тілде тақпақтар жаттап, тіл машығын қалыптастырады, - дейді, «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі Зәуреш Омарова. Жас ұрпақтың ел болашағына тікелей әсер ететіндігін көкірек көзімен түйсінетін ұжым 2012 жылдан бері «Этномәдениет – түрлі мәдениеттерді таныту құралы ретінде» жобасын қолға алып, этномәдени мұражай кабинетін ашқан. Онда қазақ, неміс, украин, татар, шешен, өзбек, орыс сияқты түрлі ұлттардың мәдени және тарихи құндылықтарын тізген көрме жасақталған. Шағын мұражайға жаңадан келген кішкентай бүлдіршіндер үшін экскурсиялар жасақталып, ұлттық құндылықтарымыз көрнекі түрде насихатталып келеді. Айта кету керек, құрылғанына аз ғана уақыт өтсе де, «Ақбота» өзінің әдістемесін даңғыл жолға қойған. Осы уақыт ішінде нысан меңгерушісі Зәуреш Омарова мен әдіскер Айгүл Қалмағанбетованың авторлығымен бірнеше баспа кітаптар, соның ішінде «Мәңгілік Ел - Қазақстан» әдістемелік нұсқаулығы жарық көрген. Бұның барлығы мектепке дейінгі заманауи білім беру талаптарын жүзеге асыруға бағытталған. балабақша, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауылы Екі жақты тиімді жұмысты жүзеге асыру үшін облыс бойынша ұйымдастырылған «Жас ата-ана» жобасына барлық аудан балабақшалары қатыстырылса, солардың бірі «Ақбота». - Қазіргі таңда Бұқар жырау ауданы бойынша жеті балабақша бүлдіршіндерді тәрбиелесе, олардың бесеуі аралас, біреуі қазақ және біреуі орыс тілінде тәрбие жүргізеді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының сұраныстарын қамтамасыз ету және мектепке дейінгі балалардың уақытын ұйымдастыру, тәрбие беру мақсатында мектеп қабырғаларында 41 шағын орталық жұмыс жасайды, - дейді аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Жанар Қиқымбекова. Сонымен қатар, маманның айтуынша келер жылы ауданға қарасты Ботақара ауылында 90 балаға және Дубовка ауылдарында 160 балаға арналған бұрынғы балабақша ғимараттарына реконструкция жасап, ашу жоспарда бар. Тек уақыт пен қаржы еншісіндегі мәселе болып отыр. Ал өткен жылы ашылған Баймырза ауылындағы 140 балаға арналған балабақша өзінің тәрбиеленушілерін жинап, жұмысын жолға қоюда. Назерке Әбікеева Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы