«Астана» командасының және Сербия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Неманья Максимович Португалияның «Спортинг» клубына ауысуы мүмкін. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
A Bola басылымының мәліметі бойынша, футболшының агенті Владимир Югович Лиссабон қаласына осы іске байланысты келген. Португалиялық клубтың басшылығы келіссөздерді тезірек аяқтап, Максимовичті қысқы трансферде өз қатарларынан көруді жоспарлап отыр.
Бұған дейін сербиялық футболшыға Бельгияның «Стандарты» екі миллион еуро ұсынған болса, испаниялық «Валенсияның» бас жаттықтырушысы Чезаре Пранделли қызығушылығын растаған болатын.
Максимовичтің «Астанамен» келісімшарты 2017 жылдың маусым айында аяқталады. ФИФА-ның ережесі бойынша ол қаңтар айында кез келген командамен алдын ала келісім жасай алады.
«Астананың» бас менеджері Саян Хамитжанов шетелдік клбутардан ұсыныс түскенін растады. Осы қыста елордалық командадан кетуі әбден мүмкін.
Неманья Максимович елордалық ұжымның сапына 2015 жылдың ақпан айында келген. Бүгінге дейін екі мәрте ел чемпионы атанып, бір рет Қазақстан Кубогында жеңіске жеткен. Премьер-лигада 54 ойынға қатысып, 9 голдың және 6 нәтижелі пастың авторы атанды. Сонымен қатар, өз клубын Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтуіне септігін тигізген.
Бұдан бөлек, ол 2015 жылы Сербияның жастар құрамасымен (U-21) әлем чемпионы атанса, биыл негізгі құрамаға алғаш рет шақырту алып, үш жолдастық кездесуге қатысты.
Айта кетейік, Максимовичке Испанияның «Севилья», Англияның «Манчестер Юнайтед», «Вест Хэм», Италияның «Милан», «Рома», «Торино», «Интер», «Дженоа», Хорватияның «Динамо», Ресейдің «Спартак», Швейцарияның «Базель», Германияның «Нюрнберг», «Айнтрахт», «Гамбург», сондай-ақ Францияның «Олимпик Марсель», «Лион», «Нант» және «Монако» командалары қызығушылық танытқаны туралы әлемдік БАҚ хабарлаған болатын.
• 22 Желтоқсан, 2016
«Астана» ойыншысы «Спортинг» командасына ауысуы мүмкін

Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт: Зардап шеккен әйелдің жағдайы қалай?
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қажылық сапары: Ел азаматтары үшін қауіпсіз әуе бағыттары ұйымдастырылады
Қоғам • Бүгін, 11:48
Еркін күрес шеберлері Бішкекте қос қоланы қанағат тұтты
Спорт • Бүгін, 11:36
Ғарифолла Әнестің 6 кітабы таныстырылды
Әдебиет • Бүгін, 11:13
Мемлекет басшысы Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 11:03
Шекарадағы кезек азаяды: Өткізу бекеттерінде 200 орындық автотұрақтар салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:49
Трамптың мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы күрт қымбаттады
Әлем • Бүгін, 10:33
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 10:25
Министрлік мектеп бітіру кешіне қатысты жаңа тәртіпті жариялады
Білім • Бүгін, 10:10
Волейболдан әйелдер командалары арасында ел чемпионатының шешуші кезеңі өтті
Спорт • Бүгін, 10:05
Шымкентте заңсыз миграциямен айналысқан топ ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:42
Венгрияда жаңа саяси кезең: Орбан жеңілісін мойындады
Әлем • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:19