22 Желтоқсан, 2016

Елбасы терроризмге қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған заңға қол қойды

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.