29 Желтоқсан, 2016

SCAT Қытайға тікелей әуе рейсін ашты

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
SCAT әуекомпаниясы Қытайдың Хайнань аралындағы туристер жиі баратын Санья қаласына Астана және Алматыдан тікелей әуе рейсін ашты, деп хабарлады ҚазАқпарат. Қытай азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, алғашқы Астана - Санья - Астана DV463/4 әуе рейсі Астана уақытымен кеше түнгі сағат  12:05-де Астанадан ұшып шығып,  таңғы 06:30 -да Санья қаласы халқаралық әуежайына қонған. Айта кетерлігі, Алматы - Санья - Алматы әуе рейсі 15 желтоқсаннан бастап ашылды. Ал рейстер аптасына бір рет. Алматыдан әр сенбіде, ал Астанадан әр сейсенбіде шығады. Әуе рейстерін орындау Boeing 757-200 әуе кемесіне жүктелген.