29 Желтоқсан, 2016

Қазақстанның ядролық қоғамы

158 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды көздейді Ядролық қоғам Қазақстан тәуелсіз­ді­гін енді ғана жариялаған  тұста пайда болды. Қауымдастық ­Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау және қауіпсіздікті нығайту бойынша­ ­баста­масын алға бастыруды өз алдына басты мақсат етіп ұстанды. Қазақстанның ядролық қоғамы ширек ғасырға жуық жұмысында тек елімізде ғана емес, шетелдерде де кеңінен танылды. Бүгінде ҚЯҚ атом саласын дамытып отырған әлемнің жетекші елдеріндегі ядролық қоғамдастықтармен өзара серіктестік байланыстар орнатқан. 2004 жылдан бері Қазақстанның ядролық қоғамы Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың (WNA), 2006 жылдан бастап WIN (Wo­men in Nuclear) қауымдастығының мүшесі. – «Қазатом­өнер­кәсіп» АҚ пен Қазақстан­ның ядро­лық қоғамы кәсіпорын­да­рының бірлескен жұмыстары да айрықша назар аударуға тұрарлық, – дейді «Қазақстан­ның ядролық қо­ғамы» қауымдастығының атқа­рушы директоры Наталья ­Жда­нова. – Жақында біздің ұйым­дас­тыруы­мызбен Астанада «Қуат, су және химия» деп аталатын инно­­вациялық мектепте V ха­лықаралық конфе­ренция өтті. Шараға қазақ­стан­дық және шетелдік  сарапшылар, ғалым­дар, сту­дент жастар қатыс­ты. Инновациялық мектеп, аты айтып тұрғандай, атом энергети­касы саласы бойынша көптеген ғылы­ми, жаңашыл, игі істердің басын қайы­руда. Конференцияның жұмысында Энер­гетика министрлігінің Атом және энер­гетикалық жобаларды дамыту де­пар­та­ментінің директоры Батыржан Қара­­көзов, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ бас­қарма төрағасы  Асқар Жұмағалиев, Фран­­­циядан НИР АРЕВА МИН мекемесі басты­ғы­ның орынбасары Эрве Тубо және тағы бас­қалар сөз алып, елімізде және бүкіл әлемде атом энергетика­сы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Индустриялық және инжи­ни­ринг компаниялардың мамандары, Қазақстан, Ресей, Бельгия, Украина елдерінің ғалым­дары кіші және ірі бағыттағы энергети­ка, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-тың өндіріс­тік дамуы сияқты мәселелерді кеңінен талқыға салды. 2009 жылы Қазақ­стан уран өндіру бойынша әлемде жетекші орын­ға шыққан. Содан бері қарай осы көшбас­шылықты жалғап келеді. Экономикалық жағынан тиім­ді әрі экологиялық жағынан да маңыздылығы жоғары бұл саланы дамыту бүгінгі күннің басты мәселесі. «Қазатомөнеркәсіп» АҚ пен «Қа­зақ­станның ядролық қо­ғамы» қа­уымдастығы бір­лесіп ақпарат­тық түсіндіру жұмыстарын қолға алған екен.  Уран кеніштеріне жақын маң­дағы ауылдарға барып дәрістер оқылады. Өңір тұр­ғын­дарымен кездесулер, мектеп­тер мен арнаулы оқу орындарын­да интерактивті сабақтар өткізу тұрақты жүргі­зіледі. Уран өнді­ріл­етін аймақ­тарда тәуелсіз эко­логиялық сараптамалар жүр­гі­зу де қолға алынған. Ауыл тұрғын­дары көр­сеткен жерлердегі судан, то­пы­­рақтан және ауадан сынама алы­нып, соңынан зерттеу нә­ти­желері халыққа жеткізіледі. Жә­не экологиялық ұйымдардың өкіл­де­рі үшін арнайы экологиялық тур­лар ұйымдастырылады. Олар­ға қатысушылар кеніште жұмыс істейтін мамандарға сұрақтар қоюмен бірге уран өндірілетін өндірістік полигонда болып, барлық қажетті нормалар және ережелерге сай уран өндіріліп жатқанын көзбен көруге де мүм­кіндік алады. Энергетика министрлігінің Атом жобаларын дамыту де­пар­таментінің директоры Батыржан Қаракөзов бұл тұрғыда былай деді: – Қазақстанның атом өнер­кәсібі сала­сының әлемдік маңы­зы бар. Мұнда жоғары тех­но­ло­гиялы құрылымдар іске қо­сы­­­лады. Елбасымыздың атом қа­­руы­нан бас тартуға орай айтатын пікір-ұсыныстары мен баяндамаларында да осы мәселе тереңінен қоз­ғалады. Соңғы 20 жылда МАГАТЭ-мен әріптестік байланыс орнату атом энергиясын біздің елімізде бейбіт мақсатқа жүйелі пайдалануға жол ашты. Ресейлік әріптестермен бірге бастаған Тока­мак жобасы да ауыз толтырып айтарлықтай дүние. Конференция барысында «Атом энергиясы – радиофобияға қарсы инновация» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. – Біз жақында Шымкентте «Қа­зақстан ядролық қоғамы» қау­ым­­дастығы мен атом ғылымы энер­­гетика өндірісінің І съе­зіне қаты­сып қайттық, – дейді атал­­­мыш қауым­дастықтың атқа­­ру­шы дирек­­торы Наталья Жда­но­ва.­ – Онда Елбасы Нұр­сұл­тан ­Н­а­зарбаевтың бастамасы­мен әлем­нің бә­секеге барынша қабі­летті 30 елінің қата­рына ену үшін, атом энергетикасын дамыту қажеттігін терең тал­қы­ладық. Ядролық энергетика дегеніміз күн­нен қуат алатын  жасыл технология сияқ­ты өте мықты қуат көзі екенін ескеруіміз қажет. Айта кету керек, еліміздегі тұңғыш атом электр стансасы аса қауіпсіз, ең соңғы технологиялар бойынша салынуы тиіс. Бұл туралы Курчатов қаласында Ұлттық ядролық орталықтың директоры Эрлан Батырбековтің жетекшілігімен өткен «Ядролық және радиациялық физика» атты халықаралық конференцияда кеңінен талқыланып, озық ойлар, жобалар ұсынылды. Атом электр стансасын салуда мол тәжірибесі бар Франция, Жапония, Қытай, Ресей сияқты мемлекеттердің өкіл­­дері өз жобалары туралы ай­тып, елі­­мізге өздерінің тың дү­ние­­­лерін ұсы­нуда. Бірақ, әзір­ше Қазақ­­стан қуаты мен құры­лы­мы жағынан қан­дай станса салу жөнінде нақ­ты шешім қабыл­да­ған жоқ. Ке­лер жылы өтетін ЭКСПО-2017 көр­ме­сі­не атомшы­лар болашақтың қуат кө­зі қан­дай болады деген мәселені іс-тәжі­ри­бе жүзінде көрсетіп, көр­ме барысын­да халық назарына ұсы­ну­ды жос­парлап отыр. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА Курчатов қаласы