30 Желтоқсан, 2016

Қысқы Универсиадаға ОҚО-дан 5 спортшы қатысады

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадасының Шымкентте жағылатын «Алау эстафетасын» ұйымдастыру және өткізу бойынша өңірлік штабтың мәжілісі өтті. Аталған шараның дайындық барысын дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев баяндады. Оның айтуынша, Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) аясында өткізілетін спорттық сайысқа 17-28 жас аралығындағы студенттер, магистранттар мен түлектер жіберіледі. 2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан күндері аралығында өтетін 28-ші Дүниежүзілік Алматы-2017 қысқы Универсиадасына 2000 спортшы, 3000 ерікті, 30 мың шетелдік қонақтар мен туристер қатысады деп күтілуде. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»