30 Желтоқсан, 2016

Теміртау қаласында жылумен қамтамасыз ету қалыпқа түсті

200 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

30-12-16-temirtau

Бүгін Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасына сай, өңір басшысының орынбасары Андрей Ляпунов Теміртау қаласының жылу маусымына дайындық барысы көтерілген кеңес өткізді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. ЖЭС-2 жұмысында ақаулардың орын алуына байланысты металлургтер қаласының тұрғындарына жылу дұрыс берілмей келді. «Сіздер Үкімет төрағасы тарапынан сын айтылғанын білесіздер. Осыдан екі күн бұрын облыс әкімі станцияны аралап, нақты тапсырмалар берген болатын. Олардың орындалуы мерзімі бүгін, яғни 30 желтоқсан күні аяқталды. Аймақ басшысының тапсырмасы ойдағыдай орындалғанына куә болып отырмыз. Қазір теміртаулықтардың үйлері жылынған, 4 қазандық жұмыс істеп тұр, резервте тағы екі қазандық бар. Қазіргі таңда жылу беру қалыпқа түскен», – деді А.Ляпунов. Осыдан соң «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу жұмыстары жөніндегі директорының, жылумен қамту ұйымы директорының және қала әкімдігінің Теміртау қаласындағы жылу маусымын өткеру жөніндегі есептері тыңдалды. ЖЭС-2-де 4 жылыту қазандығы (№3,4,5,6) жұмыс істеуде, ал 2 қазандық резервте. Сырттағы ауа температурасына сәйкес станциядағы температура режимі 80/500 С графигі бойынша жұмыс істейді. №1 қазандық жұмыс істеп тұр. Режимдік картаға сәйкес 31 желтоқсан күні  қосымша жұмыс істеуге қажетті жылумеханикалық параметрлерді қалыптастыру басталған. Қазіргі таңда будың қысымы 45 кс*с/см2 құрап отыр, температура  - 250 0С.

30-12-16-temirtau-2

«Жылыту маусымын ойдағындай өткеру біздің басты міндетіміз. Теміртау қаласының 90 % тұрғыны жылуды ЖЭС-2-ден алады. Алда мерекелік күндер келе жатыр. Сондықтан да қала тұрғындары коммуналдық қызметтің барлық түрімен толық қамтылуы керек.  Аймақ тұрғындарын сапалы жылуымен қамтамасыз ету – жылумен қамту мекемелерінің құзырында», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары. Қазіргі таңда Теміртау қаласының тұрғындары тарапынан жылудың жоқтығына шағымданушылар жоқ. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі БАҚ өкілдерімен бірге 80 көп пәтерлі тұрғын үйлерді аралап, 50-ге тарта отбасымен кездезті, тұрғындар арасына сауалнама жүргізді. Басты сауал «Үйлеріңіз жылы ма?». Тұрғындардың айтуынша пәтер температурасы қалыпқа келіп, 24-29 градусты көрсетіп тұр.

30-12-16-temirtau-1

«Бізде соңғы үш күнде жылу қалыпты берілуде. Бұған дейін мүлдем жылу болмаған. Батареялар тастай суық болды, бөлме температурасы 13 градусқа дейін төмендеп кетті. Ал қазір міне, өздеріңіз де көріп тұрғандарыңыздай 22-24 градус», – дейді қала тұрғыны Татьяна Садвакасова. Қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету бекітілген параметрлер бойынша жүзеге асуда. Жалпы алғанда қаланы жылумен қамтамасыз ету штаттық режимде жүзеге асырылуда. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»