30 Желтоқсан, 2016

Елбасы Бишімбаевтың не себепті қызметтен босағанын айтты

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Сыртқы істер министрлігінің құрамымен кездесу өткізген Президент Нұрсұлтан Назарбаев соңғы кадрлық өзгерістерге байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ақорданың Фейсбуктегі парақшасы хабарлады. «Ұлттық экономика министрі ауысты. Бишімбаев бұрын қызмет атқарған «Бәйтерек» холдингінде тексерулер жүріп жатыр, тергеулер жүріп жатыр. Оның қалай аяқталатыны туралы қазір анық ештеңе айта алмаймыз. Сол себепті жаңа Ұлттық экономика министрі тағайындалды. Тимур Сүлейменов бұл саланы жақсы білетін адам деп санаймыз» деді Мемлекет басшысы.