30 Желтоқсан, 2016

Қарағанды облысында соттардың жаңа әкімшісі тағайындалды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағанды облыстық сотында ҚР Жоғарғы соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының өкімімен тағайындалған соттардың жаңа әкімшісі таныстырылды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков сот ұжымына жаңа әкімші Бақдәулет Нүрпейісовті таныстырды. Бұдан бұрын ол ҚР Жоғарғы соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментін материалдық-техникалық жарақтау секторының меңгерушісі болған», - делінген хабарламада. Мәжілісте әріптестер Жезқазған аудандық сотының төрағасы Марат Көкішев пен Осакаров аудандық сотының судьясы Талғат Құрмановты мерейтойларымен құттықтады. Сот жүйесінің тыныс-тіршілігіне ерекше үлес қосқаны үшін ҚР Судьялар одағы Орталық кеңесінің құрмет грамотасымен облыстың соттармен өзара іс-әрекет кеңесінің мүшесі Сағат Батырхановты марапаттады.