01 Ақпан, 2017

Металлургия саласы қарқынды дами бастады

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Металлургиялық өндіріс көлемдері 2016 жылы 3,4 триллион теңгеге дейін, яғни бір жарым есе ұлғайған. 2016 жылғы қаңтар – желтоқсан аралығындағы кезеңде металлургиялық өнеркәсіп өндірісінің көлемдері 3,36 триллион теңгені құраған – 2015 жылмен салыстырғанда 58,6% артық. Сондай-ақ, өнім көлемі де 6,6% өскен. Салыстыру үшін айта кетейік, жалпы өңдеу өнеркәсібі бойынша өндірістің физикалық көлемі небары 0,7% өскен. Сектордағы өндіріс 2014 жылдан бері – екінші индустриялық бесжылдықтың басынан бастап тұрақты өсіп келеді. Металлургия саласынан түсетін табыстың 79,1%-ы үш облысқа тиесілі. Қарағанды облысы – 1,1 трлн теңге, ШҚО – 907 млрд теңге және Павлодар облысы 635,6 млрд теңге. Бұдан бөлек, ең көп өсімді Ақмола облысының металлургтері көрсеткен, ондағы өсім 2,2 есені құраған. Үш өнеркәсіптік өңір: Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары барлық өндірістің 80%-ға жуығын қамтамасыз еткен