01 Ақпан, 2017

"Цеснабанк" ЦентрКредиттің жарты акциясын сатып алды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
"Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамының Kookmin Bank және International Financial Corporation сатып жатқан акцияларын "Цеснабанк" АҚ, "Цесна" Қаржы холдингі" АҚ және Бақытбек Байсейітов сатып алып жатыр. Бұл туралы ақпарат KASE сайтында пайда болды. "Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), INTERNATIONAL FINANCE CORPORATION және KOOKMIN BANK CO LTD акционерлері "Банк ЦентрКредит" АҚ тиесілі акцияларын сату үшін тиісті сатып алушыларды таңдады деп хабарлады", - делінген хабарламада. Таңдалған сатып алушы ретінде "Цеснабанк" АҚ, "Цесна" Қаржы холдингі" АҚ және Бақытбек Байсейітов көрсетілген. Енді бұл келісімді ҚР Ұлттық банкі мақұлдауы керек. Иелер ауысымы 2017 жылдың екінші тоқсанында аяқталады деп күтіледі.