01 Ақпан, 2017

Малайзия Премьер-Министрі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЭКСПО ұйымдастырушысының кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Малайзияның Ұлттық секция комиссары Доктор Зайни Бин Уджангпен кездесті. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ хабарлағандай, кездесу барысында тараптар  ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық бойынша техникалық мәселелерді талқылады. Ұлттық компания басшысы қазіргі таңда  халықаралық  және тақырыптық павильондардың  құрылысы аяқталғанын айтты, сондай-ақ, қазақстандық павильон да салынды. Енді павильондарды экспозициялармен  толықтыру қажет. Өз тарапынан Доктор Зайни Бин Уджанг ұсынылған павильон  мен  ірі халықаралық шараға қатысуға мүмкіндік берілгені үшін алғыс білдірді. «Біздің көрмеге қатысуымыз тек  ұлттық павильонның жұмысымен аяқталғанын қаламаймыз. ЭКСПО-2017 аясында үш мың мәдени және  тақырыптық шара өтеді.  Біздің секцияның  міндеті – конференция, дөңгелек үстел мен форумдар  жұмысына  өз үлесімізді енгізу», - деді малайзиялық павильонның Комиссары. Сондай-ақ, Бин Уджанг  ЭКСПО-2017-ні өткізу кезінде Астанаға Малайзияның Премьер-Министрі Наджиб Тун Разак келеді. Кездесу қорытындысында Ахметжан Есімов  малайзиялық тарапқа ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуда жәрдем көрсетілетінін айтты. Малайзия павильонын тапсыру бойынша келісім орнатылды.