01 Ақпан, 2017

Назарбаев Пәкістанның премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістанның премьер-министрі Наваз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, сондай-ақ, Пәкістанның премьер-министрінің 2015 жылдың тамызында Қазақстанған сапары барысында жеткен жетістіктерінің қорытындысына ризашылығын білдірді. "Қазақстан Президенті мен Пәкістанның премьер-министрі бір-бірін Қазақстан мен Пәкісттанның 25 жыл бойы дипломатиялық қарым-қатынаста болуына байланысты құттықтады. Шариф Қазақстан Президентін биыл наурыз айында Исламабадта өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Саммитіне қатысуға шақырды", - делінген Ақорданың хабарламасында.