?[/caption]
Пәтер жалдап, шеберхана ашыпты. Осы жерде «Алтын адам», «Барыс», «Жоңғар мен қазақтың жекпе-жегі», «Қаракерей Қабанбай», «Шапырашты Наурызбай» мүсіндерін бейнелеген.
Біз Екібастұздың Солнечный кентінде тұратын суретші, қолөнерші, мүсінші ағамыз Еркінжас Мұхамеджановпен жолсапар барысында таныстық.
Еркінжас ағамыз кенттегі «Мақпал» мәдениет үйінде «Ел іші – өнер кеніші» атты қолөнершілер үйірмесін басқарады. Алыстағы кенттің мектеп оқушылары, ауыл балалары Еркінжас ағаларынан сурет өнеріне бейімделіп, мүсіндер жасауды үйренуде. Балалар, әсіресе, ағаштан ойып жасалған «Алтын адам», «Тазша бала», «Жекпе-жек» сияқты туындыларға қатты қызығады.
– Балалардың мүсіндер туралы сұрақтары көп. Әсіресе, «Алтын адам», «Жоңғар мен қазақтың жекпе-жегі», «Тазша бала» жайлы тыңдай бергілері келеді. Өткен тарихты біз жасаған мүсіндер арқылы таныса, бұл не, бұл қайдан деп кітаптардан, интернеттен ізденіп оқи бастайды ғой, – дейді ағамыз.
Еркінжас Мұхамеджанов жасаған «Алтын адам» мен «Барыс» мүсіндері облыстық байқауда бас жүлдеге ие болды. Қазір қазақтың ертеден қалған көне бұйымдарымен жұмыс жасауда. Мүсіндері ойға жетелейді, мүсіншінің қолынан шыққан туындылардан терең лиризм мен эпикалық кеңдіктің өзара үйлесім тапқанын көресіз.
Фарида Бықай,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы,
Екібастұз қаласы

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10