02 Ақпан, 2017

Түркия президенттік басқару жүйесіне өтпек

622 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Жаңа жыл түбіміз бір Түрік Республикасы үшін саяси маңызы зор жаңалықтан басталды. Өткен апта Түркия парламенті президенттік басқару формасына өтуге мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдады. Соңғы жылдарда аталған елде конституцияға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу, конституциялық реформалар жасау қажеттілігі жөнінде жиі айтылып, түрік қоғамында қызу талқыланғаны белгілі. Басқарушы «Әділет және даму партиясы» (AKP) «Ұлт­тық әрекет партиясының» (MHP) қолдауымен парламент­ке конституция жобасына өз­ге­ріс енгізу туралы ұсыныс жа­­саған. 18 баптан құралатын жа­ңа конституция жобасы 9-20 қаң­тар аралығында Түркия пар­ламентінде өткен бірінші жә­не екінші оқылымдарда қы­зу талқыланды. Түркия Мә­жілісінде «Әділет және да­му пар­тиясының» 316 депу­таты мен «Ұлттық әрекет пар­тия­сы­ның» 39 депутаты, екі партия өкілдерін қоса есептегенде 355 депутат қызмет атқарады. Ел парламентінде өткізілген дау­ыс беру нәтижесінде заң жо­басын қабылдауға 488 де­пу­таттың 339-ы келісім берді. Енді аталған заң жобасы Түрк­ияда сәуір айында өтеді деп жоспарланған референдумға шығарылады. Ол үшін заң жобасына президент Режеп Ердоған қол қойған күннен және ресми басылымда жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң ұлттық референдумға шығарылады. Оған референдумға қатысатын сайлаушылардың жартысы дауыс берген жағдайда ұсы­ны­л­ған түзетулер заң жүзінде өз кү­шіне енеді. Түрік Республикасы құ­ры­л­ған 1923 жылдан бе­рі парламенттік басқару ны­са­­нындағы мемлекет бол­ған­­­дық­тан, бұл өзге­ріс­тер­дің Түр­кия үшін саяси мәні мен сал­дарлары зор болмақ. Пар­­­тия жақтастарының пікі­рін­­­ше, конституцияға жасала­тын өз­герістер мемлекет тұ­рақ­ты­лығын нығайтып, күшті көш­басшылықтың арқасында мем­лекетте төңкеріс әрекет­те­­ріне тосқауыл қойып, бас­қа­ру жүйесін жеңілдетіп, ел тарихындағы әлсіз коали­ция­лық үкіметтер дәуіріне қай­ту­­дың алдын алмақ. Ал сын­шы­лардың пікірінше, аталған тү­­зе­тулер елдегі парламенттік бас­­қару пішінін жойып, билік ба­сындағы партияның, бірінші ке­зек­те, ел президентінің би­лі­гі мен өкілеттілігін әбден ны­ғай­туы мүмкін. Кейбір мамандар конс­ти­ту­ция­лық реформаның президе­нт билігін күшейтетінін алға тар­­та­ды. Мысалы, көктемдегі ре­­­фе­рендум жоспарға сәй­кес­ өтіп, тиісті түзетулер мен ұсы­­­ныстар күшіне енген жағ­дай­­да президент жар­лық­тар шығаруға, үкімет бас­­шы­­­сын тағайындауға неме­се ми­ни­стр­­лер кабинетін же­­ке өзі бас­қаруға, вице-пре­зи­дент­тер­ді, ми­нистрлер мен ж­о­ғары лау­азым иелерін та­ғайын­дау­ға және қызметінен бо­са­ту­ға, пар­ламентті таратуға, кон­сти­ту­циялық өзгерістер тура­лы мә­селені референдумға шы­ға­руға, төтенше жағдай жар­ия­лау­ға құқылы болады. Бүгінде жоғары әскери кеңеске бағынатын Түркия қарулы күштері мен барлау бас штабы президенттің жеке бақылауына қарайтын болады. Яғни, президент мемлекеттік жүйенің және атқарушы билік – үкіметтің басшысына айналып, «мемлекет басшысы» деп аталуы мүмкін. Сондай-ақ, өзгерістер президенттің сая­си партия мүшесі болуына мүмкіндік береді. Президент қылмыстық жауапкершілікке қарсы иммунитетке ие болып, соттар мен прокурорлардың жоғары кеңесіне өз билігін жү­р­- ­гізе алады. Президент жо­ға­р­­ғы сот өкілдерінің жартысын тағайындауға мүмкіндік алып, бюджетке ұсыныс енгізе алатын болады. Президенттік жә­не парламенттік сайлаулар бір күнде өткізіліп, министрлер ка­бинеті парламентке емес, тіке­лей президентке бағынады. Жоспар бойынша, Түркияда 2019 жылы президенттік және жал­пы парламенттік сай­лау­­лар өтуі жоспарланып, пре­зи­дентке бес жылдан екі мер­зімге дейін басқару құқы­ғын бе­ру қарастырылған. Бай­қау­шылардың айтуынша, бұл өз­ге­ріс­тер қазіргі би­ліктің елді 2029 жылға дейін бас­қа­руына қолайлы жағдай қа­лып­тастырады. Президент Р.Ердоған 2002 жылдан 2014 жылға дейін Түркияны пре­мьер-министр ре­тінде бас­қарған. Осы кезге дейін Түр­кия­да президент рә­сімдік ма­ңызға ғана ие болып келгені бел­гілі. 2014 жылы Ердоған ел­де өткен тікелей сай­лау­ларда би­лікке келген ал­- ғ­а­ш­қы президент болды. Заң жобасы бойынша, Түр­кия Франция мен АҚШ сияқ­ты президенттік рес­пуб­ликаға айналып, ел тарихында тұң­ғыш рет премьер-министр лауа­зымы жойылуы мүмкін. Түзе­тулер парламентте сәуірде өте­тін ұлттық референдумда қа­былданған жағдайда 2018-2019 жылдарда өз күшіне енуі ық­тимал. Заңгерлер Түркияда өлім жазасы қайтадан құқық­тық практикаға енгізілуі мүм­кін екенін де айтуда. Жергілікті сарапшылар ел тағдыры мен болашағына алаң­даушылық танытып, өз пі­кір­лерін білдіруде. Мы­са­лы, саясаттанушы Күр­шад Зор­лу парламенттік жә­не пре­зи­денттік басқару жүйе­лерін са­лыстырып, кон­ституцияға енгізілетін өзге­ріс­тер арқылы Түркияның та­за президенттік жүйеге өту мүмкіндігін жазды. Оның айтуынша, президент партия мүшесі бола алғандықтан, оның бейтарап болуы қиын. Коч университетінің про­­фесоры, заңгер Бертил Ем­рах Одердің ойынша, бұл өз­ге­рістер президенттің пар­ла­мент­ті бақылауына жағдай ту­ғ­ызып, мемлекеттік басқару жүйе­сіндегі саяси тепе-тең­дік­ті шектеуі мүмкін. Заң про­фессоры Левент Коркут кон­сти­туциялық өзгерістер саяси жүйені әлсіретуі ықтимал еке­нін мәлімдеді. Оның ойын­ша, ұсынылған түзетулер пре­зиденттің атқарушы және заң шығарушы биліктерді қа­да­ғалауына мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл пікір­лер­­мен президенттің заң істе­рі бо­й­ы­н­- ­­ша кеңесшісі Мех­мет Одум ке­ліспейтінін мә­лім­­деп, заң­гер­лердің алаң­дау­­шы­лық­та­ры­ның негізсіз еке­нін айт­ты. М.Одум жаңа жүйеде тепе-тең­дік мәселесі туындамай­ты­нын, атқа­рушы және заң шы­ғарушы би­ліктің бір-біріне жа­қынд­ай түсетінін алға тартты. Дау тудырған тағы бір мә­се­ле, парламенттің атқа­ру­шы би­лікке шағым түсіру құқы­ғының алынып тасталуы болып отыр. Бұдан бұрын парламент үкіметті қадағалап, тиісті сауал­дарын үкіметке білдіре ала­тын. М.Одум парламенттің осын­дай құқығының қажет емес­тігін айтып, халық тара­пынан тікелей сайланған пре­зидентке сенімнің болуы ке­рек­тігін атап көрсетті. Бұған қоса, президенттің жоғарғы сот өкіл­дерін бақылау өкілеттілігі де пікірталас тудырған. Пре­зи­дент кеңесшісінің айтуынша, керісінше, осы өзгерістер ар­қылы сот өкілдерінің өкі­лет­тіліктері күшейтілетін бола­ды. Естеріңізге сала кетейік, атал­ған түзетулерге елдің бас­­ты оппозициялық партиясы – «Республикалық халық пар­тия­сы» (CHP) мен «Халық де­­мократиялық партиясы» өзде­рінің қарсы екендігін біл­дір­ген еді. Парламентте заңды тал­қы­лау кезінде оппози­ция­лық партия өкілдері мен би­лік партиясы депутат­тары ара­­сында жанжал шығып, жұ­­­ды­рықтасуға дейін бар­ға­ны бел­гілі. 9 қаңтарда оппо­зи­ция­лық партиялар Анка­ра­­да нара­зылық шараларын өткізіп, елде саяси билікті бір кісінің қо­­лына шоғырландыру дұ­рыс еместігін алға тартып, пар­­ламенттік жүйені сақтап қа­л­у­дың қажеттілігі туралы мә­­лім­деді. Оппозицияның ай­туы­­н­ша, жаңа конституция президентке төтенше жағ­дай жариялау құқығын бере­тін­діктен, елдегі қазіргі төтен­ше жағдайдың созылып, саяси оппо­зи­цияға қарсы пайдаланылуы ықтимал. Мұндай көзқарастарға жау­ап ретінде үкіметке жа­қын тұл­ғалар күрделі ішкі, ай­ма­қ­тық және халықаралық жағ­дайдың Түркияны осындай ше­шім­ді қадамдарға баруға мәж­бүр­леп отырғанын баса айтуда. Қалай десек те, Түркия ел тағ­дырындағы маңызды саяси-кон­с­титуциялық өзгерістер кезеңіне аяқ басты. Аталған мем­лекетте референдумнан кейінгі кезеңде орын алатын сая­­си-құқықтық реформалар Түр­кияның мем­ле­кеттік мо­де­лінің өзгеруіне алып ке­ле­ді. Ондағы өзгерістер жа­­қын жатқан аймақтарға жә­не аталған мемлекетпен тығ­ыз қа­рым-қатынас жасайтын елдер­ге жанама әсерін ти­гізуі ық­тимал. Сондықтан, Түркия­да болып жатқан саяси үр­діс­тер алыс-жақын жатқан бауыр­лас түркі- тілдес елдер үшін де ма­ңыз­ды деп айтуға болады. Жанат МОМЫНҚҰЛОВ, саясаттанушы