«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының өкілдері басқарма құрамының өзгеретінін мәлімдеді. Қазақстандық қор биржасының сайтында «Қазмұнайгаз» компаниясының директорлар кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді жарияланды.
Сонымен, «Директорлар кеңесі 2017 жылғы 17 қаңтардан бастап «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқармасының мүшесі Жанғауылов Ержан Арыстанбекұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде шешім қабылдады. Сондай-ақ «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ басқармасы үшін жалпы белгіленген өкілеттік мерзімге «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ басқарамасының мүшесі болып Мұқышев Ардақ Жұмағұлұлы сайланды.