08 Ақпан, 2017

АҚШ мұнай өндірісінің артуы теңгені әлсіретіп жатыр

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KASE қор биржасының таңғы саудасы бойынша қорытындысында ұлттық валюта долларына 324,39 теңгеге тең болды. Еске салайық, 7 ақпандағы сессияда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 323,26 теңгеге тең еді. 8 ақпандағы таңғы сауданың бірінші келісімі 324 теңгемен басталды. Бұл минималдық құны болып бекітілді. Ал максималдық құны - 324,64 теңге. Сауданың жалпы көлемі 39,85 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, айырбас орындарында доллар 324,5-325,2 теңгеге бағаланып отыр. Ұлттық валютаның соңғы екі тәулікте әлсіреуіне бірінші кезекте мұнай бағасының төмендеуі сеп болып отыр. Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 09:00-де Брент маркалы мұнай құны 1,89 пайыз арзандап, 54,56 долларға бір-ақ құлдыраған еді. Қара алтынның арзандауына себеп болған АҚШ өндірісінің күрт артуы мен нарықта мұнайға деген сұраныстың азаюы, деп жазады investing басылымы. Соңғы екі ай бойы ОПЕК+ келісімінің арқасында мұнай бағасы барреліне 56-57 доллар аралығында сақталған еді.