Қазақстанда электронды еңбек биржасы пайда болады. Оны іске қосу 2017 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған. Жұмысқа орналаспаған қазақстандықтарға enbek.kz порталы арқылы жұмыс табуға көмектеседі. Бұл туралы primeminister.kz тілшісіне Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғандықов мәлімдеді.
Аталған порталда жұмыс берушілер бос орындар мен болашақ жұмыс орындары туралы мәліметті қалдыра алады. Оған қоса, жұмыспен қамту орталықтарына бару қажеттігі туындамайды. Сайтта әлдеқайда сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жасалған. Негізінен жұмысшы мамандар – тас қалаушылар, дәнекерлеушілер, арнайы техника жүргізушілері, сондай-ақ орта медициналық қызметкерлер қажет.
«Аталған портал арқылы еңбекпен қамту қызметтері тегін, еркін қолжетімділікте көрсетіледі. Бүгін бұл сайт миллионнан астам көруге ие болды. Бүгінде біз осындай деңгейдегі сайттардың арасында 1 орындамыз, сондықтан, мархаббат», – деді Д. Арғандықов.
Сондай-ақ, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Жол картасы-2020-ны іске асырудың аралық қорытындысын шығарды. 5 жыл ішінде шамамен 800 мың жұмыссыз адам еңбекпен қамтылған. Нәтижесінде еңбек нарығындағы жағдай тұрақтанды. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрайды. Сонымен қатар, бүгінде еңбек нарығында 21% деңгейінде өнімсіз жұмыспен қамтудың жоғарғы үлесі түріндегі проблемалар бар.
Д. Арғандықов Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын іске асыру туралы толығырақ айтып берді. Бағдарлама аясында 20 мыңнан астам қазақстандық қысқа мерзімді оқыту курстарымен қамтылады. Бағдарлама бағыттарының бірі – кәсіпкерлікті дамыту, дегенмен алдыңғы бағдарламадан айырмашылығы - мұнда шаралар кеңейтіледі және ауылда шағын несиелер беруден өзге, шағын несиелер қалалық жерлерде де берілетін болады. Сонымен қатар, шағын несиелер көлемі 16 миллионға дейін ұлғайтылған. Бастапқыда оның мөлшері 3-5 млн аралығында болатын. Несиелендіру мерзімі де ұлғайтылған. Мысалға, мал шаруашылығы үшін жеті жылға дейінгі мерзім. Бұдан өзге, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту шаралары ұсынылатын болады. Бағдарламаның тағы бір бағыты – жұмысқа орналасуда көмек көрсету және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына қолдау көрсету.ң басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.