WBC нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Серхио Мора қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) жеңу үшін Дэнниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қандай әдіс қолдануы керек екендігін мәлімдеді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
«Джейкобс кездесудің басында-ақ өткір шабуылдарға шығып, жойқын соққыларын дарытуы тиіс. Сонымен қатар, Головкиннің екпініне төтеп беріп, қысымынан дер кезінде шыға білуі қажет. Міне, осылайша ол қарсыласының бетін қайтарды», – деп жазды туиттерінде.
Бұған дейін Серхио Мора қос боксшының арасындағы жекпе-жекке өз болжамын жасаған. Айтуына қарағанда, 18 наурыз күні Madison Square Garden аренасында жанкүйерлер күткен нағыз айқас болады. Алайда, америкалық бұл ұрыста үш-төрт раундқа дейін ғана шыдауы мүмкін.
Айта кетейік, Джейкобс пен Мора шаршы алаңда екі рет кездескен. 2015 жылы тамыз айында Дэнни екінші раундта-ақ сұлатып салса, 2016 жылдың қыркүйегінде жетінші раундта нокаутпен жеңді.
• 08 Ақпан, 2017
Головкинді жеңу үшін Джейкобс қандай әдіс қолдануы тиіс?

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше