08 Ақпан, 2017

2016 жылы Ақмола облысында 21,4 мың адам жұмыспен қамтылды

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылы Ақмола облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өңірлік кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде  мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар (15,5 мың адам) және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар (5,9 мың адам) қатарындағы 21,4 мың адам қамтылды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл өңірдегі жұмыссыздар мен өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандардың жалпы санының 52,9 %-ын құрайды. Оның ішінде: - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде іске асырылып жатқан жобаларға 2 мың 488 адам жұмысқа орналасты; - әлеуметтік жұмыс орындарына 637 адам; - жастар практикасына 682 адам; - қоғамдық жұмыстарға - 3 мың 318 адам ; - кәсітік оқытуға 313 адам жіберілді, оның ішінде 115 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілді; - 13 мың 529 адам мемлекеттік қолдау шараларын қолданбай жұмысқа орналасты. Бұдан басқа, 439 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін микрокредиттер алды. 2016 жылы республика бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде  мемлекеттік қолдау шараларымен 520 мың адам  қамтылды.