08 Ақпан, 2017

Бүгін Астанада «Ғасырлар тоғысында (ХІХ-ХХ)» концерті өтеді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
8 ақпанда«Астана Опера» театрының Камералық залы сахнасында «Ғасырлар тоғысында (ХІХ-ХХ)» концерті өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында музыка тарихи оқиғаларды бейнелейтін бірден-бір қайнар көз ретінде қызмет етіп, көптеген ұлы композиторлар сол оқиғалардың куәгері болды. Осы бір қиын кезеңде дүниеге келген әсерлі аспапты шығармалар, елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылмақшы. Аталған кеште талантты музыканттар – пианиношылар Вячеслав Узбеков, Эльмира Сұлтанғазина, Данияр Есімханов, Гүлдана Төлепберген, Ілияс Өзбеков, скрипкашы Балнұр Құдайберген және кларнетші Алмаз Тоқпанов өнер көрсетеді. Сондай-ақ, көрерменге Клод Дебюссидің кларнет пен фортепианоға арналған №1 (L 116) рапсодиясы ұсынылады.